Халықаралық қаржы институттары қатысатын жобалар талданды

    Билік 20 Noyabr 2023 3360

    20 қарашада Президент Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен ауыз су, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау салаларында халықаралық қаржы институттарының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысы қаралды.

    Кейінгі жылдары халықаралық қаржы институттарының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобалардың саны да, ауқымы да кеңейіп келеді. Атап айтқанда, соңғы жеті жылда осындай мекемелердің қаражатынан 16 миллиард доллар бөлінген. 103 жоба іске қосылды.

    Нәтижесінде 9 мың әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысан салынып, жөнделді, бұл 5 миллионға жуық адамның күнделікті тұрмысын жақсартты. 38 жаңа ірі өнеркәсіп нысаны іске қосылып, 6500 жоғары кірісті жұмыс орны ашылды.

    Сонымен қатар, шетел инвестициясы есебінен салаға жаңа технологиялар мен заманауи тәсілдер енуде.

    Дегенмен, барлық желілер бірдей тиімді емес. Мәселен, биыл Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесіне халықаралық қаржы институттардың 238 миллион долларын игереді деп күтілуде. Бұл жоспардан біраз төмен.

    Жалпы, кейінгі жылдары салаға 2,4 млрд доллар тартылса, оның 1,3 млрд доллары игерілді. Бірақ кейінге қалдырылған жобалар да бар. Мәселен, Әндіжан, Самарқанд, Ташкент облыстарында агрологистикалық орталықтарды құру жұмыстары кешеуілдеп тұр.

    Денсаулық сақтау министрлігінде құны 877 миллион доллар болатын 11 жоба бар. Олардың көпшілігі жүзеге асырылуда. Алайда, нефрологиялық және урологиялық мекемелерді жабдықтау, Ташкент қаласының Яшнабад ауданында ересектерге арналған көпсалалы медициналық орталық салу, республикалық референттік зертхана құру жобаларына инвестициялық қаражат бөліну басталған жоқ.

    «Узсувтаминот» желісінде құны 2,1 млрд долларды құрайтын 22 жоба жүзеге асырылуда. 8 жоба уақытында іске қосылмауы мүмкін.

    Бұл көп жағдайда жобалық топтардың қызметіне қатысты екені көрсетілді.

    Мемлекет басшысы жобаларды жүзеге асыруда министрлердің жауапкершілігін арттыру, олардың әрқайсысын халықаралық сарапшылардың қатысуымен талқылап, қаржыны тиімді пайдалану жөнінде тапсырмалар берді.

    Шенеуніктер жыл соңына дейін және 2024 жылда жұмысты жеделдету, іркілістерді жою, жобалардың сапасын қамтамасыз ету жөнінде ақпарат берді.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates