Президент халық тұрмысын жақсартуға бағытталған жұмыстар жөнінде жиын өткізді

    Билік 26 Iyul 2022 5271

    26 шілдеде Президент Шавкат Мирзияев халық тұрмысын жақсартуға және кәсіпкерлердің белсенділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды талқылаған жиын өткізді.

    Соңғы жылдары барлық салалар мен бағыттар бойынша түбегейлі реформалар жүзеге асырылды. Даму стратегиясы елде дамудың жаңа кезеңін бастады. Оның бірінші мақсаты – адамның қадір-қасиетін арттырып, еркін азаматтық қоғамды одан әрі дамыту арқылы халық сүйер мемлекет құру.

    Экономика мен әлеуметтік өмірдегі барлық салалары адам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған. Атап айтқанда, осы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы ішкі өнім 5,4 пайызға өсті. Өнеркәсіп, құрылыс, сауда, қызмет көрсету салаларындағы даму қарқыны халық өмірінен де байқалады.

    Бұл ретте Халық қабылдаулары, әлеуметтік желілер мен сауалнамалар арқылы сала мен өңірлердегі түйткілді мәселелер, халықтың әділ ұсыныстары зерделенуде. Солардың негізінде халқымыздың көңілінен шығатын шешімдер қабылданып жатыр.

    Атап айтқанда, кәсіпкерлікке лицензиялар мен рұқсатнамаларды беру тәртібі жеңілдетіліп, мерзімі қысқартылды. Жыл басынан бері 50 мыңнан астам жаңа кәсіпкерлік субъектілері құрылды. Тұрғындар сатып алған үйлердің 28 пайызы ипотекалық несие арқылы қаржыландырылған. Қыркүйектің 1-нен бастап жеке секторда жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігі мен босануына байланысты мемлекеттік бюджеттен 2 миллион сум жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылданды.

    Жиында халық пен бизнесті мазалап жүрген түйткілдер айтылып, солар бойынша ұсыныстар мен бастамалар талқыланды. Тиісті ұсыныстарды қанағаттандыру, халықтың жайлылығын арттыру жөнінде жауаптыларға тапсырмалар берілді.

    Мемлекет басшысы халқымыздың көңілінен шығып, кәсіпкерлікті дамытуға барлық жағдай жасау барша басшылардың басты міндеті болуы керектігін қадап айтты.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates