Естеріңізге сала кетейік, «UzAuto Motors» АҚ  компаниясы 2021 жылдың 20 ноябрінде Chevrolet Captiva 5 автокөлігін жеткізіп беру бойынша келісімшарттарын тоқтата тұруы туралы ресми мәлімдеме жасаған болатын.

Өтініште тапсырыс берушінің өтінішінен кейін 3 күн ішінде жасалған келісімшарттар бойынша төленген барлық қаражат толығымен қайтарылатыны айтылған. Сондай-ақ компания алдын ала төлем сомасының қосымша 5 пайызы өтемақы ретінде берілетіні көрсетілген.

Chevrolet Captiva 5 автокөлігі үшін жалпы 461 келісімшарт төлемі төленген. Ал қазір 207 сатып алушы Chevrolet Captiva 5-тің орнына басқа көлік алуды ұйғарды, 161-і ақшасын қайтаруға өтініш білдіріп, ақшасын қайтарып үлгерген. Кешеден бері 41 алушы өтемақы ретінде 5 пайыздық төлем сомасын алды.

Қалған сатып алушылар да қаражаттары мен өтемақыларын алдағы екі-үш күнде алады.