Ұйымдастырушылар – Қытайдың  Адам құқықтарын дамыту қоры (China Foundation for Human Rights Development (CFHRD) және Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталығы.

Форумда Қытай мен Орталық Азия мемлекеттерінің адам құқықтары саласындағы өзара ынтымақтастығының негізгі басым бағыттары қарастырылады. Даму құқығын жүзеге асыру мақсатында кедейлікті қысқарту және халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша жобаларды іске асыру, экологияны қорғау, жасыл даму және адам құқықтарын қорғау, сондай-ақ адам құқықтарының дамуына ықпал ететін цифрлық интеллектуалдық технологияларды ілгерілету салаларындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланады.

Талқылауларға Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның адам құқықтары саласындағы сарапшылық, ғылыми, мемлекеттік және іскерлік орта өкілдері қатысады. Жалпы шамамен 100 қатысушының (40 шетелдік және 60 ұлттық) қатысуы күтілуде.

Төртінші форум «Жоғары сапалы даму арқылы адам құқықтары саласындағы өркендеуді бірлесіп дамыту» тақырыбына арналады.

Бұған дейін бірінші форум – 2023 жылғы 12 қыркүйекте Пекин қаласында, екінші форум – 2025 жылғы маусым айында көршілес Қазақстанның  Астана қаласында және үшінші форум – 2025 жылғы шілде айында Сиань қаласында өткен болатын.

Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының
Ұлттық орталықтың
баспасөз қызметі.