Қытай компаниясы Ферғанада баламалы энергия өндіру жобаларын жүзеге асырады

    Ферғана облыстық әкімдігінде Қытайдың жел және күн электр станцияларының ірі операторы — «Longyuan Power Group» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

    Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Қытай компаниясының Ферғанадағы энергетика саласындағы ірі жобаларға инвестиция енгізу мәселелері талқыланды.

    Айта кету керек, «Longyuan Power Group» компаниясы жел, күн, геотермалдық, су тасқыны, газ, көмір және биомассалық электр станцияларына жоба құрып, жұмыс үдерісін бірлесіп басқарады. Бұл ретте желілік компанияларға және басқа тұтынушыларға электр энергиясын сатады, энергетикалық жабдықтар мен көмір саудасы, кеңес беру қызметтерін көрсетеді. Электр станцияларын, жел қондырғыларын және басқа да жабдықтарды жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге көмектеседі. Жел электр станциясының мамандарының біліктілігін арттыруды және құрылғыларды сынақтан өткізуді ұйымдастырады.

    Жиында облыс басшылығы компанияның энергетика саласындағы озық тәжірибесі мен жетістіктерін атап өтіп, аймақта күн панельдерін орнату және ірі кәсіпорындарға күн панельді қуаттарды орнату бойынша ынтымақтастық жасаудың болашақта тиімділігін тілге тиек етті.

    Өзара ынтымақтастық аясында аумақтарда шағын станциялар салу ұсынысы алға тартылып, облыстағы өндірістік аймақтар, атап айтқанда, Өзбекстан ауданында орналасқан «Шурсув» өндіріс аймағы туралы ақпар берілді. Компания мамандары бұл өндірістік аймақтың мүмкіндіктерін үйреніп, өз жобаларын орналастыра алатыны айтылды.

    Игі бастаманың жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында жауапты тұлғалар біріктіріліп, компания өкілдерімен бірлесіп, өндірістік аймақты зерттеп, болашағы зор жобалар бойынша жұмысты бастау бойынша келісім жасады, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates