Қытай компаниясы Ахангаранда желатин өндіреді

    Бизнес 15 Yanvar 2024 1374

    «Узчармсаноат» бірлестігінің төрағасы Фахриддин Бобоев «Profit Max Plus» компаниясының басшысы Ли Хонг Чанг бастаған делегациямен кездесті.

    Сұхбатта Қытай компаниясының инвестициясы негізінде желатин өндіруге маманданған кәсіпорын құруға қатысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

    Айта кетерлік жайт, қытайлық инвестор Ташкент облысының Ахангаран қаласында орналасқан еркін экономикалық аймақта жалпы құны 8 миллион долларды құрайтын желатин өндіруге мамандандырылған инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда жобаның 60 пайыз құрылыс жұмыстары аяқталды. 2,5 гектар жерде жүзеге асырылып жатқан бұл жоба іске қосылғанда айына 600 тонна желатин өндіруге мүмкіндік туады. Жоба 2024 жылдың 3-тоқсанында іске қосылады деп күтілуде.

    Кездесуде жоба іске қосылған кезде шикізатты жинау, топтау және қайта өңдеуге байланысты мәселелер талқыланды.

    Қытай тарапы елімізде тағы екі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға бағытталған бизнес бастамаларымен бөлісті, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates