Кездесуде Азиз Абдухакимов ҚХР Мәдениет және туризм министрі Х.Хепиннің елімізге жасаған сапарынан риза екенін айта келе, бұл туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашатары, сонымен қатар UNWTO шеңберінде біріккен әрекеттерді белгілеп алуға қызмет ететінін айтты.
Қытай тарапы Өзбекстанның туризм саласындағы стратегиялық серіктес екенін ерекше атап өтті. Х.Хепин өзара туристік ағынды арттыру, еліміздегі туристік орындарды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен, туризм инфрақұрылымына инвестиция әкелетіндерге жасалып жатқан жеңілдіктермен жақыннан таныстырылды. Қытай тарапына 2023 жылдың март айында осы елдің туристік топтары баруға ұсынылатын елдер тізіміне қосқаны үшін ерекше алғыс айтылды.
Сонымен қатар, қазірде Қытай мен Өзбекстан арасында аптасына 11 әуе қатынауы 3 әуе компаниясы арқылы «Uzbekistan airways», «China Southers Airlines» және «Loongair» жүзеге асырылуда және алдағы уақытта бұл рейстердің санын және географиясын кеңейту жөнінде пікір алмасты. Қытай тарапына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде республиканың өңірлік әуежайларын жаңғырту жобалары ұсынылды.
Сонымен қатар, Өзбекстан Туризм комитетінің делегациясы Қытайға сапар жасап, Қытайдың туризм саласындағы тәжірибесін зерттеліп, 2030 жылға дейін туризмді дамыту стратегиясы үшін негізді ұсыныс және жобаларды даярлауға келісті.
Өз кезегінде, Ху Хепин жоғары деңгейде ұйымдастырылған сапар мен Қытай тарапына көрсетілген жылы қонақжайлылық үшін ризашылығын білдірді. Сонымен бірге, Қытай, Өзбекстан және UNWTO арасындағы үшжақты ынтымақтастықты кеңейту маңыздылығын ескере отырып, Өзбекстан ілгері тартқан ұсыныс пен жрбаларды «Бір мекен – бір жол» жобасы аясында да жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарап шығу мақсатқа сай екенін айтты.
Х.Хепин қытайлық туристер арасында ең әмбебап туризм бағыттары ретінде Өзбекстандағы жасыл және экотуризм, интеллектуалдық туризм, мәдени туризм мүмкіндіктерін кеңінен насихаттауды ұсынды. Сондай-ақ, өзара ынтымақтастықта қытайлық туристерге арналған арнайы туристік өнімдер мен бағыттарды жарату, кадрларды даярлау, гидтерді оқыту бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.
UNWTO Бас хатшысы З.Пололикашвили Бас Ассамблеяның мерейтойлық сессиясының Самарқантта жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Өзбекстанға шынайы алғысын білдірді.
З.Пололикашвили Самарқант қаласында ашылған UNWTO Халықаралық туризм академиясына ҚХР оқытушылары мен мамандарды шақыру үшін үшжақты ынтымақтастық бастамасын алға тартты. Сондай-ақ, ол Самарқант қаласында жаңадан құрылған UNWTO тақырыптық кеңсесіне «Жібек жолы туризм» бойынша Қытайдан жетекші сарапшыларды тартып, жаңа жобалар жасау, Өзбекстан қалаларын «Жібек жолы» қалаларының халықаралық туристік альянсына қосуды ұсынды.
Кездесу соңында тараптар 2024 жылы осы форматтағы үшжақты кездесуді Қытайда да ұйымдастыруға келісті, деп хабарлайды Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің баспасөз қызметі.