Қытай парламентінқң өкілдері астанамыздағы Конфуций атындағы Өзбекстан-Қытай институтында ұйымдастырылған семинарға қатысты

    Елімізге іссапармен келген Бүкіл қытай халық өкілдері мәжіліс барысында тұрақты комитеттің Төрағасы Чжао Лесзи басшылығындағы делегация Сенат Төрайымы Танзила Нарбаевамен бірге Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті құзырындағы Конфуций атындағы Өзбекстан-Қытай институтына барды.

    Қонақтар осы оқу орнының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Конфуций институттары және өркениетаралық өзара білім» тақырыбындағы халықаралық конференцияның ашылу салтанатына қатысты.

    Шараға Орталық Азия елдерінің түрлі мемлекеттік және оқу орындардың өкілдері, сонымен қатар қытайтану және халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар мен ғалымдар да қатысты.

    Олий Мажлис Сенатының Төрағасы өз сөзінде білім және ғылым, мәдениет-гуманитарлық салаларда екіжақты қатынастарды дамытудағы ғрбір қадам халықтар арасындағы достықты ынғайтуда маңызды орын иелейтінін айтты.

    Өз кезегінде, Чжао Лесзи Ташкенттегі Конфуций институты әлемдегі алғашқы құрылған институттардың бірі саналатынына тоқталып, Қытай мен Өзбекстан арасындағы өзара ынтымақтастық сенімді әрі жылдар сынынан өткен достық қарым-қатынасқа негізделгеніне басты назар аударды.

    Шара аясында ҚХР делегациясы Конфуций институтының соңғы 20 жылдағы жетістіктеріне арналған көрмемен де танысты, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.