Қытай Халық Республикасының Төрағасы Самарқандқа келді

    14 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді.

    Қытай басшысын Самарқанд халықаралық әуежайында Мемлекет басшысы қарсы алды.

    Сапардың негізгі іс-шаралары 15 қыркүйекке жоспарланған. Бұл күні Өзбекстан-Қытай арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздері өтеді.

    Сонымен қатар, ҚХР Төрағасы 16 қыркүйекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.