Роботтар интеллектуалды тану және дербес шешім қабылдау функцияларымен жабдықталған.

Инновациялық құрылғы Гуанчжоу қаласындағы пошта орталығының «Цзянгао» логистикалық кешенінде іске қосылды. Бір гуманоид робот сағатына 1200-ге дейін пошта жөнелтілімін қайта өңдеуге қабілетті.

Роботтандырылған жүйелерді енгізу жүк ағыны көлемі үздіксіз артып жатқан жағдайда логистиканың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Қалыпты режимде пошта орталығы тәулігіне орта есеппен 6,5 миллион жөнелтілімді өңдейді, ал жүктеме ең жоғары кезеңдерде бұл көрсеткіш 10 миллионнан асады, деп хабарлады Kazinform.