Қытайдан автобустар әкелу мәселесі талқыланды

    Көлік 22 Dekabr 2022 1241

    Өзбекстан Республикасының Транспорт министрі Илхом Махкамов Қытай Халық Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Цзянь Янь ханыммен кездесті.

    ҚХР-ның Өзбекстандағы елшілігінің өкілдері мен Өзбекстанның ҚХР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Фарход Арзиев қатысқан кездесуде тараптар көлік саласындағы ынтымақтастық байланыстың өзекті мәселелерін талқылады.

    Атап айтқанда, ҚХР-ның ірі зауыттары шығарған автобустарды жеткізу бойынша ынтымақтастық орнату мәселелері қаралды.

    Тараптар кездесуде автобустарды сатып алуды қаржыландыру, жеткізу мерзімдері және Қытайдан Өзбекстанға жеделдетілген тәртіпте жеткізіп беру бойынша жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

    Өз кезегінде, Цзян Ян ханым еліміздегі қоғамдық көлікті дамытуға бағытталған реформалардың маңыздылығына тоқталып, кездесуде талқыланған мәселелерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates