Өзбекстанның жоғары оқу орнында Қытайдан келген жастар білім алуда

    Білім 14 Oktabr 2022 2129

    Өзбекстан тарапынан бөлінген білім гранттары негізінде Самарқант қаласындағы «Жібек жолы» туризм және мәдени мұра халықаралық университетінің магистратурасына бірқатар қытайлық студенттер қабылданды.

    Соңғы жылдары Өзбекстан мен Қытай арасында білім саласындағы ынтымақтастық дамып келеді. Біздің елдеріміздің жоғары оқу орындары арасында студенттер мен профессорлар алмасу белсенді жолға қойылған, соның нәтижесінде қытайлық студенттер Өзбекстанның жоғары оқу орнында білім алу мүмкіндігіне ие болды.

    Қытай жастарының айтуынша, Самарқант қаласындағы Туризм университетінде халықаралық стандарт негізінде білікті оқытушы-профессорлардың дәріс беруі бұл оқу орнының беделін арттыра түседі. «Самарқант ежелден мәдениет пен білім ошағы болғаны, одан әлемге әйгілі көптеген ғалымдар мен ғұламалар шыққаны белгілі. Бүгінде бұл қала өзінің баға жетпес тарихи ескерткіштерімен және туристік мүмкіндіктерімен әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшыларды тартады, дейді қытайлық студент Чжан Хуан. — Университетте білім алуда алдымызға үлкен мақсаттар қойып отырмыз. Өйткені «Жібек жолы» туризм және мәдени мұра халықаралық университетін бітіріп, осы саланың білікті маманы болуды армандаймын.

    Сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 октябрінен бастап Пекин халықаралық зерттеулер университетінің профессоры Чжоу Тунцян «Жібек жолы» туризм және мәдени мұра халықаралық университетінің проректоры қызметінде жұмыс бастады.

    2020 жылы Өзбекстан тарапынан «Туризм фидойиси» төсбелгісімен марапатталған профессор Цзоу Тунцянь университетінде ғылыми-зерттеу істерінің сапасын одан әрі арттыру, оқу және ғылыми конференциялар ұйымдастыру, университеттегі ғылыми-техникалық кеңестің ісін басқару, озық ғылыми-әдістемелік тәжірибелерді жинақтау, жоғары оқу орындарымен ғылыми бағытта тұрақты ынтымақтастықты жүзеге асыру, профессор-оқытушылардың халықаралық конференциясы мен семинарларына белсенді қатысуын қамтамасыз ету сияқты бағыттардағы істерге жауапты саналады, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    «Жібек жолы» туризм және мәдени мұра халықаралық университеті 2018 жылдың июнь айында Қытайдың Циндао қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммитінде Өзбекстан Президентінің бастамасымен қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру аясында құрылған.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates