Құрамында тұрмыстық техникалық жүктері  бар  контейнерлер (тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар, газ плиталары) Қытайдан теңіз арқылы Бандер-Аббас портына әкелінеді, Иранның Бандер-Аббас портындағы теміржол платформаларына тиеп, Түркіменстан арқылы Өзбекстанға келеді.

39 - 40 футтық контейнерден тұратын блоктық пойыз Бандер-Аббас портынан Сіргелі станциясына 14 күнде келеді деп жоспарланған. Қазіргі уақытта контейнерлік пойыз Өзбекстан аумағына өтіп, Ташкентке бүгін келеді деп жоспарланған.