Шавкат Мирзияев қызмет көрсету саласын дамыту бойынша жиын өткізді

    Билік 14 Dekabr 2021 4476

    Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 14 желтоқсанда қызмет көрсету саласын дамыту жұмыстарының тиімділігі мен алдағы басымдықтарға арналған бейнеконференциялы жиын өтті.

    Биыл 18 триллион сумдық 29 мың жоба жүзеге асырылып, қызмет көрсету саласы 20 пайызға өсті. Алайда 5 аудан мен қалада өсу қарқыны төмен болды. Жалпы, халыққа қызмет көрсету деңгейі төмен болып тұр.

    Сондықтан жиында қызмет көрсету саласын кеңінен дамыту, пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктерді пайдалану мәселелері талқыланды.

    Мемлекет басшысы бұл тұрғыда әр өңірге жеке-жеке қарау керектігін айтып, нақты мысалдар келтірді. Аудандар мен қалалардың халық санына, географиялық орналасуына және экономикалық әлеуетіне қарай 3 бағыт белгіленді.

    Бірінші бағыт – 158 ауданда қызмет көрсету саласын дамыту.

    Атап айтқанда, туристік көрікті жерлері бар 45 ауданда және таулы аймақтардағы 40 ауданда туристік қызмет түрлері ұлғайтылады.

    Сондай-ақ туристік салаға арнайы салық режимін енгізу, қонақ үйлерге жеңілдетілген несиелер бөлу тапсырылды.

    Ауыл шаруашылығында табысы жоғары аймақтарда жалпы қызмет түрлерімен қатар заманауи агросервис дамытылады.

    Шекара маңында орналасқан 25 және халықаралық автомагистрал мен темір жолдарды кесіп өтетін 100 аудан сауда және логистикалық қызмет көрсетуге маманданатын болады. Осыған байланысты шенеуніктерге жол бойындағы қызметтерді дамыту бағдарламасын әзірлеу, көршілес елдермен шекаралас өткізу пункттері мен оларға апаратын жолдардың инфрақұрылымын түбегейлі жақсарту тапсырылды.

    Екінші бағыт бойынша 29 орта және ірі қалалар мен 300 мыңнан астам халқы бар 6 ауданда заманауи нарықтық қызметтер дамытылады.

    Осыған орай, көпқабатты үйлердің бірінші қабатын тиімді пайдалану, жеңіл құрылыс салуға арналған жер телімдерін аукционға өткізу бойынша тапсырмалар берілді.

    Ташкент облысының тәжірибесіне сүйене отырып, әр облыста жастарды заманауи қызметтерге оқытатын ІТ академиялар құру мақсатқа сай екені айтылды.

    Жалпы, осы 35 қала мен ауданда қызмет көрсету саласында 200 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

    Үшінші бағыт бойынша Ташкент, Самарқанд және Наманган қалаларында табысы жоғары қызмет көрсету саласын дамытудың арнайы бағдарламасы қабылданады.

    Жауапты мамандарға мұражайлардың жұмысын жақсарту, ондағы көрмелерді кеңейту және туристер үшін жаңа бағыттарды ашу тапсырылды.

    Сонымен қатар, Ташкент, Самарқанд, Бұхара сынды ірі қалаларда «Такс Фри» жүйесін енгізу, қалада «Дюти Фри» дүкендерін ашу арқылы бөлшек сауданы одан әрі арттыру мүмкін. Сондықтан шетелдік қонақтарға барлық туристік қалаларда сатып алулар үшін ҚҚС қайтару жүйесін құру тапсырылды.

    Жалпы, Ташкент, Наманган және Самарқанд қалаларында қызмет көрсету саласында 750 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда.

    Келесі жылы қызмет көрсету саласындағы жобаларды жүзеге асыруға 500 миллион доллар бөлінеді.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates