Хорезм облысының кей жерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауады

    Ел назарында 25 Iyul 2022 2797

    Өзгидромет 25 июль күні күтілетін ауа райын таныстырды.

    Өзбекстанда ауа райы аздап бұлтты болады, солтүстікте құбылмалы болып, жауын-шашын күтілмейді, тек Қарақалпақстанда, Хорезм облысында кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркірейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, солтүстікте, оңтүстікте, шөлді аймақтарда 17-22 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерде шаң-тозаң болуы мүмкін. Ауа температурасы 38-43 градус, оңтүстік және шөлді аймақтарда кей жерлерде 45 градусқа дейін, солтүстікте 32-37 градус ыстық болады.

    Ташкентте ауа райы аздап бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы 41-43 градус ыстық болады.

    Республиканың таулы аймақтарында ауа райы аздап бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Ауа температурасы 30-35 градус жылы болады.

    Маңызды оқиғалар: 25-28 июль күндері тауларда күтілетін жоғары температура фонына байланысты Қырғызстан аумағынан Ферғана облысының тау бөктерлері мен таулы аймақтары бойынша: Сух, Ферғана аудандарында және Сух, Шахимардон, Исфайрамсой өзендерінде глияциалды (мұз) су-сел тасқыны болуы мүмкін.