Хорезмде базальт өндіретін кәсіпорын жұмысын бастады

    Билік 29 Fevral 2024 2312

    Президент Шавкат Мирзиёев Үргеніштегі «Khorezm Insulation Group» бірлескен кәсіпорнының қызметімен танысты.

    Өзбекстанда құрылыс жұмыстарының өрісі кең. Соңғы жылдары барлық жобаларда энергияны үнемдеу міндеті қойылуда. Сондықтан базальт шикізатына сұраныс артып келеді. Сараптамаға сәйкес, республикада бұл өнімнен жасалған плиталарға жылдық сұраныс 80 мың тоннаны құрайды.

    Осы тұрғыдан, «Khorezm Insulation Group» бірлескен кәсіпорны нарық конъюнктурасы негізінде құрылған деп айтуға болады. Құны 41 миллион еуроны құрайтын бұл жобада базальт шикізатынан жылу сақтайтын плиталар шығарылады. Шикізат Қарақалпақстан Республикасының Қаратау тауынан әкелінеді.

    Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 30 мың тоннаны құрап, құрылыс саласына жоғары сұранысқа ие өнім жеткізіледі. Сондай-ақ Ресей мен көршілес елдерге 10 миллион доллар экспорттау мүмкіндігі туады.

    Ол үшін Германия, Түркия, Ресей, Қытай елдерінен заманауи қондырғылар әкеліп орнатылуда. Кәсіпорында 300 жаңа жұмыс орны ашылады.

    Кәсіпорынмен танысу барысында Президент өнім сапасын одан әрі арттырып, жергіліктендіру деңгейін арттыруға көңіл бөлу керектігін айтты.

    Қазіргі уақытта мұнда жылына 15 мың тонна полипропилен және полиэтилен талшығын өндіруді қолға алу жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде 80 жаңа жұмыс орны мен 10 миллион доллар экспорттық қуаттылық ашылады деп жоспарланған.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates