Хорезмде алты жаңа кәсіпорын іске қосылды

    Билік 31 Mart 2023 4733

    Мемлекет басшысы Хорезм облысындағы «Янгибозор текстиль агрокластері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тоқыма кәсіпорнының қызметімен танысты.

    Құны 13 миллиард сумнан асатын бұл жоба аясында шетелден заманауи құрал-жабдықтар әкелініп, жылына 5 миллион дана дайын трикотаж өнімінің өндірістік қуаты құрылған. Тауардың 65 пайызын экспортқа шығару көзделген.

    Бүгінде мұнда 500-ге жуық қыз-келіншек еңбек етуде.

    Шавкат Мирзиёев кәсіпорындағы жұмыс барысымен танысу барысында олармен сұхбат құрды. Қыз-келіншектер бұл саланың шалғай аудандарға да еніп келе жатқанын, өз үйлерінің жанындағы заманауи кәсіпорында жұмыс істеп жатқандарына қуанышты екендіктерін жеткізді.

    Осы жерде Хорезм облысындағы 6 жаңа кәсіпорынның іске қосылу салтанатты шарасы өтті. Олар Үргеніш қаласындағы «Эко Оби Хаёт» кәсіпорнының гипсокартон бұйымдары, Үргеніш ауданындағы «Закиров» жеке кәсіпкерлігінің бұрандалы шегелері, Хиуа кілем комбинатының екінші кезеңі, «Богот» ауданындағы «Коба текс» маталар шығаратын кәсіпорын. Үргеніш ауданындағы «Хорезм Солт Бизнес» кәсіпорны тарапынан техникалық тұздар, «Ханка» ауданындағы «Хорезмтекс Фейнш» кәсіпорны тарапынан тігін және тоқыма бұйымдарын өндіру жобалары бар. Атаулы кәсіпорындардың өкілдері бейнебайланыс арқылы кешендер мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

    Президент Шавкат Мирзиёев символикалық түймені басып, осы жаңа кәсіпорындарды іске қосты.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates