Осы Ереже Миграция агенттігінің шетелдік жұмыс берушілер мен рекрутингтік ұйымдардан тартылған бос жұмыс орындарын жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктері арасында ашық байқау жолымен бөлу тәртібін белгілейді.
Агенттік шетелдік жұмыс берушілер мен рекрутингтік ұйымдардан тартылған бос жұмыс орындары туралы ақпаратты электрондық платформада жариялайды.
Бұл туралы жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерінің электрондық платформадағы жеке кабинеттеріне автоматты түрде харбарнама жіберіледі. Квоталарды жариялау мерзімі 5 жұмыс күнінен кем болмауы керек.
Жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктері квота туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап онда белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш жібере алады.
Квоталар өтініштері оң қабылданған жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктері арасында тең бөлінеді.