Жекеменшік емхана медициналық кластерге айналды

    Билік 2 Fevral 2023 4205

    Медицинада жеке секторға мүмкіндік беру бәсекелестік пен сапаны арттырудың маңызды факторы болып тұр. Ферғана облысында осындай 720 мекеме бар. Солардың бірі – Ферғана қаласындағы «Meridian» медициналық орталығы.

    Президент Шавкат Мирзияев мұнда жасалған жағдаймен танысты.

    2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген емхана заманауи диагностика және емдеу қызметтерін көрсетіп келуде. Ол үшін Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай елдерінен заманауи құрал-жабдықтар әкелінген. Ауруханада 120 стационарлық төсек орын және жылына 2 мың хирургиялық процедураларды орындау мүмкіндігі бар.

    Бір айта кетерлігі, өткен жылы медициналық орталық жанынан университет ашылды. Қазір мұнда 600 студент білім алуда, оларға шетелдік оқытушылар сабақ береді. Студенттер медициналық орталықта тәжірибеден өтеді.

    Осылайша, бұл мекеме заманауи емхана, диагностикалық орталық, зертхана мен университетті біріктіретін медициналық кластерге айналды.

    Осы жерде Мемлекет басшысы дәрігерлермен сұхбат құрды.

    – Жекеменшік медицинаға жағдай жасағанымыз өз жемісін берді, халық оны қабылдады. Өйткені халқымыз жақсы өмір сүруге, денсаулығын сақтауға тырысады. Халықтың табысын арттыру жолындағы бар күш-жігеріміз осы үшін – халқымыздың салауатты, бақуатты өмір сүруі үшін, – деді Шавкат Мирзияев.

    Клиниканың интервенциялық кардиология, кардиохирургия, трансплантология, радиология салаларын жолға қою бойынша жобалар туралы ақпарат берілді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates