Жеке меншік иелерінің тапсырысы негізінде олардың мүліктері “E-auksion shop” электронды сауда дүкенінде мынадай тәсілдермен сатылады:
- бағаны көтеру қағидаты негізінде;
- жарнамаланған баға бойынша сату арқылы.
Саудаға қатысу үшін сауда платформасында тіркеуден өту қажет.
Саудаға қойылған тапсырысты қатысушы тарапынан бағаны растағанға дейін сауда платформасынан 2 ретке дейін тегін қайтарып алуы мүмкін.
Саудаға қойылған тапсырысты қайтарып алу:
3- реттен бастап БЕМ-нің 1 есесі;
5- реттен БЕМ-нің 3 есесі;
7-реттен БЕМ-нің 10 есесі мөлшерінде төлем өндіріледі.
Бағаны көтеру әдісі арқылы саудалар кемінде 2 қатысушы болғанда өткізіледі.
Бастапқы баға тапсырыс берушінің тапсырысы негізінде белгіленеді. Сауда бірінші төрт қадамда — бастапқы бағаның 5 пайызы мөлшерінде, бесінші және одан кейінгі қадамдарда — бастапқы бағаның 3 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Мүлікке берілген әрбір ұсыныс сауда өткізу уақытын 10 минутқа ұзартады. Егер соңғы расталған ұсыныстан кейін 10 минут ішінде кейінгі асырылған лот бағасы бойынша ұсыныс қатысушылардың бірде-біреуі бекітілмесе, сауда аяқталады. Соңғы ұсынысты растаған қатысушы сауда жеңімпазы болады.
Мүлік үшін төлем бір реттік немесе бөліп төлеу арқылы жүзеге асырылады. Бөліп төлеу тапсырыс беруші мен сауда жеңімпазы арасындағы өзара келісім бойынша белгіленеді.
Сауда жеңімпазы бір қадам төмен баға ұсынысын бекіткен қатысушы әлеуетті жеңімпаз деп танылады.
Саудалар төмендегі жағдайларда жүзеге асырылмаған болып саналады:
саудаларда қатысу үшін бірде бір талапкерден өтініш түспеген болса;
сауда-саттық күні қатысушылар тарапынан бірде бір ұсыныс бекітілмесе;
төлемдер өз уақытында төленбеген болса.
Жарияланған баға бойынша сатуда кезінде хабарландыру тапсырысшының еркіне орай белгіленген мерзім немесе сатуға дейін электронды дүкенге орналастырылады.