Мемлекет басшысы мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бойынша жиын өткізді

    Билік 20 Yanvar 2022 5741

    20 қаңтар күні Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығында мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бойынша биылғы жылы атқарылатын жұмыстар туралы видеоселекторлы жиын өтті.

    Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүргізілген санақ қорытындысы бойынша, салада және өңірлерде тиімсіз пайдаланылып жатқан 2 мың нысан бар екені анықталды.

    Атап айтқанда, мұнай-газ саласында – 210, байланыс саласында – 152, мемлекеттік коммерциялық банктерде – 114, химия саласында – 44, энергетика саласында – 28 ғимарат сатылған. Облыстық басқармалардың теңгерімінде 170-ке жуық бос тұрған нысан жылдар бойы сатылмаған.

    Бүгінгі отырыста жұмысты кешіктірген басшыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту, олардың кейбіреулері жұмыстан босатылу туралы айтылды.

    Биылғы жылы саладағы жұмыстарды жандандырып, өнімділікті екі есеге арттыру қажет екені айтылды.

    Сатылымға шығарылған 33 мың жер телімін меншік құқығы негізінде сату, сондай-ақ 1 шілдеге дейін тағы 25 мың жер телімін аукционға шығару міндеті жүктелді.

    Жол, көлік, мұнай-газ, энергетика және автомобиль салаларындағы 266 кәсіпорын бөлек тәсіл негізінде сатылымға шығарылуы тиіс екені сөз болды.

    – Көптеген желілік менеджерлер жүйедегі салалық емес кәсіпорындарды әлі де тиімсіз пайдалануда. Ірі секторларда 480 кәсіпорындағы мемлекеттің үлесін жеке секторға беруге болады, – деді Шавкат Мирзияев.

    Осыған орай Премьер-Министрге «Узавтосаноат», «Өзбекстан темір жолдары», «Өзбекмұнайгаз», «Аймақтық электр желілері» сияқты секторлардағы тиісті нысандарды толық түгендеп, оларды жекешелендіру жөнінде ұсыныс енгізу тапсырылды.

    Бос ғимараттарды пайдаланудың тағы бір тәсілі - жалға беру. Жиында бұл бағыттағы мүмкіндіктер де айтылды. Аймақтар мен салалардағы мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беру биылғы жылы 500 миллиард сум кіріс беретіні атап өтілді.

    Енді үш айдан астам уақыт бойы бос тұрған нысанды жалға беру немесе сатуға қою керек. Мемлекеттік активтер агенттігіне мемлекеттік кәсіпорындарды жалға беру шарттарын ашық тіркеу және онлайн бақылау жүйесін құру тапсырылды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates