Тек Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +20...+25 градусқа дейін төмендейді.
Жексенбі күні республиканың барлық аймақтарында ауа температурасы төмендей бастайды. Ауа температурасы күндіз +25...+30, оңтүстікте +33...+35 градустан аспайды.
Бүгін солтүстік және шөлейтті аймақтарда, демалыс күндері республика бойынша кей жерлерде желдің жылдамдығы 13-18 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде шаң-тозаңмен бірге болуы мүмкін.
Ташкентте ауа райы браз бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстіктен 3-8 м/с жылдамдықта жел еседі, 10-12 м/с. дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +33...+35 дәреже, ертең +31...+33 дәреже, жексенбі
Күні +27...+29 дәреже болады.
Ауа температурасы негізінен түнде +16...+19 градус жылы болады.
Келесі аптаның бірінші жартысында Өзбекстан аумағына салқын ауа кіруі жалғасады. Ауа температурасы түнде +10...+15, күндіз +20...+25 градусқа дейін төмендейді. Республиканың кей аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.