Тағы бір беделді стипендия енгізіледі

    Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алу үшін ең лайықты үміткерлерді іріктеу мақсатында Өзбекстан Республикасы Президентінің «Эл-юрт умиди» стипендиясы енгізіледі.

    Президенттің «Дарынды мамандардың шетелде білім алуын қолдап-қуаттау, олардың кәсіби шеберлігін дамыту және ынталандыруға қатысты қосымша іс-шаралар туралы» жарлығына сәйкес, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алуға лайықты кандидаттарды іріктеу мақсатында Өзбекстан Республикасы Президентінің «Эл-юрт умиди» стипендиясы енгізіледі.

    «Эл-юрт умиди» стипендиясының жеңімпаздары ашық байқау негізінде тест сынақтары және сұхбат арқылы анықталады;

    тест сынақтарында үміткерлердің интеллектуалдық, талдау және креативтік қабілеттері, психологиялық тұрақтылығы бағаланады.

    Бакалавриат және магистратура , докторантура бойынша халықаралық рейтингтік ұйымдардың жаһандық рейтингінің нәтижелері орай:

    бірінші жүздікке енгізілген шетелдік жоғары және ғылыми-зерттеу мекемелері білім беру бағдарламалары бойынша оқыту қаражаттары (tuition fee) толық өтелетін грант негізінде қабылданған үміткерлерге «Эл-юрт умиди» қорының стипендиялары байқауларсыз бөлінеді;

    бірінші үш жүздікке енгізілген шетелдік жоғары білім және ғылыми-зерттеу мекемелеріне қабылданған үміткерлерге халықаралық транспорт және тұрғын үй құжаттары үшін «Эл-юрт умиди» қорының стипендиялары байқаусыз бөлінеді;

    Бірінші жиырмалыққа енгізөілген шетелдік жоғары білім мекемелерінің бакалавриат білім бағдарламалары бойынша оқу қаражаттары (tuition fee) кемінде 50 пайыз өтелетін грант негізінде қабылданған Президент, шығармашылық және мамандандырылған мектептердің бітірушілеріне «Эл-юрт умиди» қоры степендиялары байқауларсыз бөлінеді.

    No date selected
    July 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates