Тағы да жоғары жылдамдықтағы жүрдек электр пойыздарды сатып алынады

    Көлік 19 May 2022 1253

    Осы күндері Испания мемлекетінің Patentes Talgo S.L.U. компаниясының басқару төрағасы Гонсало Уркихо Фернандес де Араос басшылығындағы делегацияның кездесуі өтті.

    «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ басқару төрағасы міндетін уақытша аьқарушы Х.Н.Хасиловпен өткен кездесуде ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен тиімді екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, елімізде жолаушылар пойыз қатынауларын дамыту және жаңа темір жол желілерін электрлендіру (Бұхара – Үргеніш – Хиуа) байланысты болашақ жоспарлар, атап айтқанда, жаңа жүрдек электр пойыздарын сатып алу мәселелері талқыланды. Тараптар осы мәселе туралы толық істеу (келісімшартқа қол қою және т.б.) жақын арада жүзеге асыруға келісіп алды.

    Сапар барысында делегация мүшелері, сондай-ақ Өзбекстандағы Patentes Talgo S.L.U. өкілеттігінің басшысы Антонио Мартинезбен бірге «Афросияб» жоғары жылдамдықтағы жүрдек пойыздарына сервистік қызмет көрсету орталығында болды. Қонақтар жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету, пойыз қозғалысын онлайн бақылау және қызметкерлердің еңбек жағдайы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Кездесуде жүрдек пойыздарға техникалық қызмет көрсету мәселелері де талқыланды, деп хабарлайды «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates