Республикада 31 январьда және 1-4 февраль күндері жауын-шашын күтілмейді, тек 2 февральда оңтүстік облыстарда аздаған жаңбыр жауады.

Түнде және таңертең кей жерлерде тұман  түседі. Негізінен баяу жел соғады.

Ауа температурасы түнде 0-5°С шамасында, кей жерлерде 2°С суыққа дейін, аптаның басында солтүстікте 4°С-суыққа дейін болады.

Дүйсенбіден бейсенбіге дейін ауа температурасы күндіз 5-10° жылы шамасында, кей жерлерде 12°-қа дейін жетеді.

Жұма күні жердегі қысымның күрт төмендеуі басталады,  ауа температурасы 11-14°С жылы және 15-17°С-қа дейін көтеріледі. Республика бойынша кей жерлерде жел 17-22 м/с күшейеді деп күтілуде.