Мемлекет басшысы Өзбекстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

    Билік 21 Mart 2024 3320

    Осы күндері ел аумағы үлкен демалыс орнына айналған секілді. Қалалар мен ауылдарда халық Наурызды қуанышпен қарсы алуда.

    Биыл көктем жауынды келді. Бүгінде ел аумағында жауын жауып тұр. Осындай кездерде ата-бабаларымыз жылдың қайырлы болатынын айтып, егіншілікке береке, елге мол ризық-несібе тілеген.

    Сондықтан басты мерекелік шара «Хумо Арена» кешенінде өтті.

    Оған Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қатысып, өзбекстандықтарды мерекемен құттықтады.

    – Сіздердей құрметті, көп ұлтты Өзбекстан халқын баршымыз сағынып көптен күткен Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын, – деді Мемлекет басшысы.

    Мемлекет басшысы Наурыз философиясы біздің армандарымыз бен жасап жатқан жұмысымызбен үйлесетінін атап өтті.

    Халқымыздың игілікті еңбегімен елімізде заманауи жаңа кәсіпорындар, жайлы тұрғын үйлер, әлеуметтік-мәдени нысандар, жолдар мен көпірлер, саябақтар мен даңғылдар бой көтеруде. Адамның қадір-қасиетін ұлықтау, оның өмірлік маңызды мүдделері мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, күн көрісі төмен жандарға қолдау көрсету, ұлтына, тілі мен дініне қарамастан әрбір отандасымызға сүйіспеншілік және ілтипатпен қарау басты өлшемге айналып отыр.

    Өзбекстандағы Еліміздегі достық пен ынтымақ ахуалы, тату көршілік, бейбітшілік сүйгіш сыртқы саясатының арқасында Өзбекстанның халықаралық аренадағы беделі артып келеді.

    Табиғаттың жасару мезгілі саналатын Наурыз мейрамы жастықпен үндес. Республикадағы жастардың жігері мен игі іс-әрекетіне қанат болсын деген мақсатта биылғы жыл «Жастар мен кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланды. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттарына 36,5 триллион сум және 460 миллион доллар бөлінеді. Жалпы, осы жылы бизнес-бағдарламалардың барлық түрі аясында 2 миллионға жуық адамға қаржылай көмек көрсетіледі.

    Мемлекет басшысы жастарымыздың халықаралық ғылыми олимпиадалардағы, мәдениет және өнер фестивальдеріндегі, ақпараттық технологиялар мен спорттағы жетістіктерін атап өтіп, олардың алдағы жұмысы мен жарыстарында сәттілік тіледі.

    Наурыздың асқақ рухы әсіресе, ол махалла өмірінде айқын байқалады.

    Махалланы қолдау кеңестері, Өзбекстан махалла қауымдастығы және оның аймақтық құрылымдары құрылды. Мекен жайларды «махалла жетілігі» жүйесі тиімді жұмыс істеп тұр.

    Ізгі жобаларының нәтижесінде Өзбекстандағы кедейлік деңгейі кейінгі екі жылда 17 пайыздан 11 пайызға дейін төмендеді. Осыған орай 900 мыңға жуық адамға жеңілдетілген несие, 200 мыңнан астам азаматқа субсидия беріліп, 700 мыңға жуық отбасына 200 мың гектар жер егін шаруашылығымен айналысуға берілді.

    Биылдан бастап Сырдария ауданының «Сайхунабад» ауданында жаңа тәжірибе енгізілуде. Оның негізгі мақсаты – шаруа қожалықтарының алқаптарын тиімді пайдалану, жер иелерін қажетті құрал-саймандар және ресурстармен қамтамасыз ету, олар өсірген өнімдердің нарығын табуға көмектесу, әрбір отбасы мен махаллада шағын өндірісті жолға қою, қызмет түрлерін көбейту.

    Шавкат Мирзиёев республика бойынша 510 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптары бар екенін, бұл әлі толық игерілмеген үлкен мүмкіндік екенін атап өтті. Осы орайда белсенді азаматтарға, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алып, өңдеп, экспортқа шығаратын кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп 300 миллионнан 1 миллиард сумға дейінгі гранттар берілетіні айтылды.

    – Махаллаға қолдау көрсету, оны одан әрі дамыту әрқашан біздің назарымызда болады. Өйткені махалла – мейір мен бірліктің тірегі. Махалла – ақкөңіл, еңбекқор халқымыздың жүрегінің айнасы, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Мемлекет басшысы баршаны 22 наурыз – Махалла жүйе қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

    Мерекелік шараға шет мемлекеттердің елшілері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері де қатысты. Президент оларды 21 наурыз – Халықаралық Наурыз күнімен құттықтап, халқына жылы лебізі мен құттықтауын жолдады.

    Биылғы Наурыз мерекесінің қасиетті Рамазан айында өтуі оның берекесін одан сайын арттыра түсуде.

    – Көктемгі осынау сәттерде бәріміз де ұлы бабалар тілегіне қосылып, әр күніміз Наурыздай көркем, Наурыздай берекелі де мәнді болуын тілейміз, – деп түйіндеді Президент сөзін.

    Мереке үлкен концерттік бағдарламамен жалғасты.

    Салтанатты шарадан кейін Президент Шавкат Мирзиёев Наурыз мерекесін аралап, ұлттық мәдени орталықтар мен фольклорлық-этнографиялық ұжымдардың өнерін тамашалады.

    – Бұл өнер, әдет-ғұрпымыз тарихи. Олардың негізінде үлкен мәдениет пен ағартушылық бар. Осы бағытты берік ұстанып, оны жалғастырғаныңыз үшін рахмет. Мереке ұлттық құндылықтарымызбен берекелі, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Көп ұлтты халқымыздың тойы мен мерекелері біртұтас болып келген. Наурыз барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің сүйікті мерекесіне айналған. Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, оның дамуына лайықты үлес қосуда. Өңірлерде 38 достық қоғамы мен 153 ұлттық мәдени орталық жұмыс істейді.

    Мемлекет басшысы осындай орталықтардың көрмелері мен әндерін де тамашалады. Түрлі ұлт өкілдерімен шынайы сұхбаттасып, шынайы тілегін білдірді.