"Жаңа Өзбекстан" саябағы мен Тәуелсіздік монументі ашылды

    Билік 31 Avgust 2021 24463

    2021 жылы 31 тамызда Тәуелсіздіктің отыз жылдығына арналған «Жаңа Өзбекстан» саябағы мен сонда Тәуелсіздік монументінің ашылуы салтанаты өтті.

    Салтанатты шараға Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев қатысып, сөз сөйледі.

    -Бүгін барлығымыз, көп ұлтты халқымыз сүйікті Отанымыздың тәуелсіздігінің отыз жылдық мерейтойының қуанышы және салтанатымен өмір сүрудеміз. Ежелден абад-шаһарлар мен ауылдар, бақтар мен бірегей мәдени нысандар құрушысы ретінде танымал болған еңбекқор және асыл халқымыз пандемия мен жаһандық экономикалық дағдарыстың әсеріне қарамастан осынау тарихи датаны лайықты еңбек жеңістері, үлкен жетістіктермен күтіп алуда, - деді Мемлекет басшысы.

    Атаулы саябаққа алғашқы көшеттер биыл 1 мамырда отырғызылған болатын. Тарихшы ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым және жастармен ақылдаса отырып «Жаңа Өзбекстан» кешенінің идеологиялық және архитектуралық шешімдеріне ерекше назар аударылды.

    Саябақтың орталық бөлігінде керемет өнер ескерткіші - Тәуелсіздік монументі бой көтерген.

    - Бүгін біз Отанымыздың тәуелсіздігінің 30 жылдығын кеңінен атап өтудеміз. Бірақ, Өзбекстан аумағындағы ұлттық мемлекеттіліктің тарихы 3 мың жылдан асады. Бұл әлемдік ғылымда мойындалған ғылыми факт. Осы ескерткішті жасау кезінде осындай тұжырымдамалық ойды жеткізуге тырыстық.

    Тарихтағы жеңістерінен күш алатын, қателері мен жеңілістерінен қорытынды алатын ұлт өзінің даму жолын және болашағын дұрыс анықтай алады. Сондықтан біз ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін Өзбекстан тарихындағы ең маңызды оқиғаларды мөрлеуге шешім қабылдадық, - деді Мемлекет басшысы.

    Кешенде ұлы қолбасшы мен жауынгерлердің, ғалымдар мен ойшылдардың, жәдит ата-бабаларымыздың мәңгілік бейнесі кескінделген. Бұрынғы диктаторлық режим кезіндегі Өзбекстанның ауыр да қиын өмірі, қуғын-сүргін саясаты, халқымыздың Екінші дүниежүзілік соғыстағы батылдығы мен қайсарлығы әсерлі бейнеде көрініс тапты.

    Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовтың басшылығымен халқымыздың ұлттық тәуелсіздікке жеткен жолын көрсетуге ерекше назар аударылған.

    Ескерткіштің республикада жаңа Өзбекстанды - үшінші Қайта өрлеу дәуірінің іргетасын құру идеясына сәйкес орнатылғаны ерекше маңызды. Ұлттық мемлекеттігіміздің символы, Сақыбқыран Әмір Темір патшалығының көк күмбезі, жұлдызды әлем қарай жол алған Мирза Ұлықбек обсерваториясы, әлемдік ғылым мен өркениетке баға жетпес үлес қосқан ұлы ойшылдарымыздың сирек кездесетін ғылыми өнертапқырлығы өзінің бар әлеуеті мен көз алдымызда бой көрсеткен.

    Бейбітшілік пен бостандықтың, жақсылық пен өркендеу символы болған, аспанда еркін ұшатын «Хумо» құсының бейнесі монументтің жоғарғы тұсында - оның гүлтәжі ретінде көрінген.

    Президент Шавкат Мирзияевпен бірге осында жиналған қоғам өкілдері Тәуелсіздік монументін ашып, кешен түбіне гүл шоқтарын қойды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates