Мемлекет басшысы Ферғана қаласында салынып жатқан «Жаңа Өзбекстан» массивін барып көрді

    Билік 11 Iyul 2024 1211

    Президент Шавкат Мирзиёев Ферғана қаласында салынып жатқан «Жаңа Өзбекстан» массивінде болды.

    Халықтың лайықты өмір сүру жағдайын жасау, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту Мемлекет басшысының ұдайы назарында. Сондықтан мұндай жобалар барлық өңірлерде жүзеге асырылуда.

    Мемлекет басшысы 2022 жылы және өткен жылы Ферғана қаласындағы бұл массивтің құрылысын аралап көрген еді. 300 гектар аумақта 65 мың тұрғынға арналған 365 көпқабатты тұрғын үй кезең-кезеңімен салынып жатыр. Бұл үйлер 7, 9, 12, 16 және 25 қабаттан тұрады, бұл осы өңірдің қала құрылысындағы бірегей жаңалық.

    Бүгінде алғашқы үйлер мен бақшалар берекелі тұрғындардың мекеніне айналды. 2 мың 887 пәтерлік 75 үй пайдалануға берілді. Солардың негізінде «Нурафшан» махалласы құрылды. 500-ден астам отбасы баспанаға көшті. Екі мектеп, үш балабақша, емхана ашылды.

    Ауладағы ойын алаңдарында балалардың шат-шадыман үндері көңілге жайлылық сыйлайды. Биыл тағы 25 үй салынады.

    Халық тығыз орналасқан аудандар үшін мұндай массивтердің маңызды әлеуметтік мәні бар. Баспананың сапасы мен құны халқымыздың мүмкіндігіне сай болуы керек екеніне назар аударылуда.

    Мұнда заманауи оқу орындары, медицина мекемелері, спорт кешендері, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету орындары бой көтеруде.

    Халықты жұмыспен қамту мақсатында массив аумағының 50 гектарына шағын индустриялық аймақ құрылады. Азық-түлік, тігін, тоқыма, былғары-аяқ киім, фармацевтика, жиһаз және электротехника өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жұмыс істей бастайды. Бүгiнге дейін 423 миллиард сумдық 5 жоба орналастырылды. Нәтижесінде 700 жаңа жұмыс орны ашылады.

    Массивті экоқала деп атауға болады. Себебі, 70 гектар аумақта «Жаңа Өзбекстан саябағы», жасыл даңғылдар, жасанды көл, төрт мың орындық амфитеатр бой көтерді. Бау-бақша аумағына бұталар мен сәндік ағаштар егілген. Түрлі аттракциондар орнатылған.

    Мемлекет басшысы массивтегі жасалған жағдайды аралап көрді. Амфитеатрда қысқаша концерттік бағдарлама ұсынылды.


    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates