Президент «Жаңа Өзбекстан» университетін ашу туралы қаулыға қол қойды

    Билік 23 Iyun 2021 13689

    Президент Шавкат Мирзияев 23 маусымда елдегі «Жаңа Өзбекстан» университетінің білім беру жүейсі мен өз қызметін жолға қою туралы таныстырылымға қатысты.

    Мемлекет басшысы білімді жастарды еліміздің «алтын қоры» деп атаған болатын. Биыл осындай жастардың жаңа буыны мектеп бітіруде. Енді оларды өз елінде оқыту, жастарға ең заманауи жағдай жасау мақсатында Президенттің бастамасымен «Жаңа Өзбекстан» университетінің негізі қаланды.

    Бұл университет мемлекеттік жоғары оқу орны түрінде ашылатын болып, оның негізгі міндеттері - беделді шетелдік білім беру мекемелерінің білім беру бағдарламалары негізінде жоғары кәсіби білім мен дағдылары бар перспективалы кадрларды даярлау, студенттердің интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, сол үшін қолайлы жағдай жасау.

    Осы мақсатта жаңа университеттегі оқу процесі әлемдегі ең беделді университеттермен ынтымақтастықта ұйымдастырылатын болады. Мысалы, Кембридж университеті қабылдау емтихандарын өткізеді. Оқу жоспарлары мен бағдарламалары Массачусетс технологиялық институты және Мюнхен техникалық университетімен бірлесіп жасалады. Сонымен қатар, олар білім сапасын бақылауға, зертханалар мен кітапханаларды толықтыруға көмектеседі.

    Университет құрамында 5 факультет - инженерия, жаратылыстану, менеджмент, агротехнология және ақпараттық технологиялар болады. Сабақтар өзбек және ағылшын тілдерінде өтеді және білім беруде кретиттік-модуль жүйесі енгізіліп, оқыту мемлекеттік грант пен ақылы негізде жүзеге асырылады.

    Білім ордасының оқу ғимараты мен кампустары да заманауи халықаралық BREEAM сертификаттарына сәйкестендіріліп, алғашқы оқу жылы осы жылдың қыркүйек айында басталады. Университеттің жаңа ғимараты салынып біткенше, сабақтар уақытша Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетінің бос ғимараттарында өтілмек.

    Жоғары оқу орнының негізгі міндеттерінің бірі - экономика қажеттіліктеріне негізделген ғылыми зерттеулер жүргізу және студенттерді ғылыми-инновациялық қызметке баулу. Осы мақсатта әлемнің жетекші университеттерімен және ғылыми мекемелерімен ынтымақтастық орнатылып, ғылыми журнал ашылады.

    Мемлекет басшысы университетте қабылдау мен білім беру процесін халықаралық стандарттар деңгейінде ұйымдастыруды, ғылым, білім және өндірісті тиімді интеграциялауды тапсырды.

    - Университет студенттері 1 курстан бастап өз салалары бойынша экономика филиалдары мен ғылыми орталықтарға бекітілуі керек. Министрліктердің, беделді институттардың және ірі компаниялардың университеттің қамқоршылар кеңесіне қосылуы маңызды. Олар өздерінің қажеттіліктерін айтып, оқу процесіне қосылуы, болашақ мамандарға алдын-ала қаражат салуы керек, - деді Шавкат Мирзияев.

    Мемлекет басшысы қарастырылған шараларды мақұлдап, «Жаңа Өзбекстан» университетін құру туралы қаулыға қол қойды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates