Мемлекет басшысы Жаңа Ташкент қаласындағы жағдаймен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев Жаңа Ташкент қаласындағы құрылыс және абаттандыру жобаларымен танысуда.

    Бұл жаңа қаланың іргетасы 2023 жылдың 18 наурызында қаланған еді. Сол рәсім кезінде Мемлекет басшысы оның «жасыл қала» болатынын айтқан. Оған ауа мен судың тазалығы, баламалы энергия көздерін пайдалану, жасыл аймақтардың көп болуы сынды талаптар ескерілген. «Ташкенттің жасыл белдеуі» жобасы дәл осы жерден бастау алады. 420 гектар аумақта Орталық саябақ салынып, 200 мың түп ағаш отырғызылады.

    Осы мақсатта жұмыстар қазірден бастап қолға алынып, 50 гектар аумақта көшет дайындайтын орын құрылған. Президент осы жерде болып, көшеттерді көді. Болашақ жасыл аймақтардың ландшафт дизайны, суару және күтім жасау жүйесі туралы ақпарат берілді.

    Қазіргі уақытта кейіннен көшіру үшін 27 мың сәндік ағаш көшеттері отырғызылған. Сонымен қатар жылыжайлар, қазандықтар, көшеттерді сақтау және суару жүйелері орнатылған.

    Жаңа қалада тиісті министрліктер мен мекемелердің жұмысын ұйымдастыру үшін уақытша әкімшілік ғимараттардың құрылысы жүріп жатыр. Президент ондағы жағдайлармен де танысты.

    Қазіргі уақытта жеңіл құрылымдардан 4 ғимарат пен қосымша нысан салынған. Мұнда толықтай жергілікті құрылыс материалдары пайдаланылып отыр. Кеңселер «open space» стилінде жасақталған, әрқайсысында 250 қызметкерге дейін жұмыс істеуге мүмкіндік бар.

    Бұл министрліктер мен мекемелердің қызметін кезең-кезеңімен жаңа қалаға көшіруге, сондай-ақ Ташкенттегі көлік кептелісін азайтуға ықпал етеді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates