«Жаңа Ташкентте» «Санкт-Петербург» кварталы құрылады

    Осыған орай, сәулеткерлік жобаны петербургтық мамандардың әзірлеуі жоспарлануда.

    «Санкт-Петербург» кварталы Өзбекстан астанасының жаңадан салынып жатқан «Жаңа Ташкент» ауданында бой көтереді. Бұл туралы ресейдің Өзбекстандағы сауда өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    «Жақында Өзбекстан астанасының жаңадан салынып жатқан «Жаңа Ташкент» ауданында «Санкт-Петербург» кварталының құрылуы туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Архитектуралық жобаны петербургтық мамандардың әзірлеуі жоспарлануда», — дейіледі tass.ru. хабарында.

    Ташкент қаласының Бас жоспары 2045 жылға дейін астананың «Жаңа Ташкент» ауданын салу көзделген. Оның ауданы 20 мың гектарды құрайды және ол заманалық Өзбекстанның бас қала құрылысы жоспары болып саналады.

    Аталмыш ауданның алғашқы жасау және инфрақұрылым нысандарының құрылысы ағымдағы жылдың апрель айында басталған. Негізгі нысандарды аяқтау 2045 жылға жоспарланған. Алдағы уақытта барлық мемлекеттік мекемелер Жаңа Ташкентке көшіріледі деп күтілуде. Жоба авторлары бұл Ташкент қаласын автокөлік кептелісін айтарлықтай жеңілдетеді деп есептейді.

    No date selected
    January 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates