Жапон ғалымдары қауіпті ауруларды ерте басқышта анықтаудың жолын тапты

    Денсаулық 14 Iyun 2022 2748

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде әр 3 секунд сайын бір адам Альцгеймер ауруымен ауырады. Қазіргі уақытта планета бойынша 50 миллионнан астам адам осы ауруға шалдыққан. Бірақ бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай 65 миллионнан асуы мүмкін.

    Альцгеймер – деменцияның ең көп таралған түрі. Ол көбірек егде жастағы адамдарда бірте-бірте есте сақтау қабілетінің төмендеуімен, ми қызметі бұзылып, ақыл-ой қабілетінің төмендеуімен көріне бастайды.

    Соған қарамай, мамандар егер бұл ауру бір жыл бұрын анықталса, оның асқынуынан болатын мүгедектікті 5 жылға дейін қысқарту мүмкін деген қорытындыға келеді.

    Осы факторларды ескере отырып, жапон ғалымдары деменцияның жасырын белгілерін ерте анықтау бойынша зерттеулер жүргізді.

    Рас, мұны сезу үшін егде жастағы адамдардың іс-қимылындағы ақыл-ойға байланысты өзгерістерді байқау жеткілікті. Дегенмен, бұл деменцияға тән белгілер байқала бастағанда, ауру әлдеқайда дамыған болады.

    Жапониядағы Шиншу университетінің ғалымдары ауруды ерте анықтауға қатысты бір белгісін тапты. Белгілі болуынша, дененің қисаюы, яғни бас пен мойын жамбасқа қатысты алға қарай созылған сайын, когнитивті бұзылулар соғұрлым жоғары болатыны анықталды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    Қысқаша айтқанда, осы сәтте когнитивті функцияның төмендеуі сагитальды- вертикал оқтың алға жылжуымен бағаланады.

    «Егер бұл жағдай қайта тіктелетін басқышта анықталса, деменцияның алдын алуға болады», - дейді ғалымдар. Сонымен қатар, денешынықтыру жаттығулары аурудың қаупін азайту мүмкін.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates