Бұл туралы Президенттің “Жасыл кеңістік” жалпыұлттық жобасының тиімділігін одан әрі арттыру іс-шаралары туралы” жарлығында белгіленген.
Осыған орай, ұшақ, пойыз, метро және такси бағыттарында маршруттың карбон әсері анықталып, пайдаланушыларға маршруттың табиғатқа әсерін “жасыл билет” сатып алу арқылы компенсациялау мүмкіндігі беріледі.
Өндірілетін, сақталатын, ішкі және сыртқы базарда сатылатын өнімдер үшін өндіріс, сақтау және логистика үдерістеріндегі карбон әсері есептеліп, сатып алушыға өнімнің қоршаған ортаға әсерін ерікті түрде компенсациялау мүмкіндігі жасалады.
Карбон әсері Экология комитеті бекіткен нұсқаулыққа сәйкес автоматты түрде анықталады.
“Жасыл билет” сатып алу арқылы табиғатқа келтірілген зиянды компенсациядан түскен қаражат Жалпыұлттық экологиялық мәселелерді шешуге арналған мемлекеттік мақсатты қорға аударылады және тек ағаш көшеттерін отырғызу мен оларды күтіп-баптау шараларына бағытталады.