Шавкат Мирзияев «жасыл» экономиканы дамытуға бағытталған таныстырылмға қатысты

    Билік 2 Dekabr 2022 5477

    Президент Шавкат Мирзияев «жасыл» экономиканы дамытуға бағытталған шаралар таныстырылымына қатысты.

    Қазіргі таңда энергетика және экологиялық мәселелер өзекті болып тұрғаны белгілі. Сондықтан Өзбекстанда көптеген күн және жел электр станциялары салынып, экономика салаларында энергия үнемдейтін технологиялар енгізілуде.

    Бұл бағытты дәйекті түрде жалғастыру үшін 2022 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасында өнеркәсіп салаларында «жасыл» экономикаға көшу және энергия үнемдеу бағдарламасын әзірлеу көзделген болатын. Бүгінгі презентацияда осы бағдарламада көзделген шаралар туралы ақпарат берілді.

    Жоғарыда айтылғандай, бұл құжат өнеркәсіп салаларында «жасыл» экономикаға көшу және энергия тиімділігін арттыру тұжырымдамасын айқындайды. Осының негізінде стратегиялық маңызы бар 25 кәсіпорында отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеудің нысаналы индикаторлары бекітілді.

    Бұл арқылы 2022-2026 жылдары өнеркәсіп салаларында 3,9 миллиард текше метр табиғи газды, 4 миллиард киловатт сағат электр энергиясын және 21 мың тонна мұнай өнімдерін үнемдеу жоспарлануда. Нәтижесінде әрбір өнімнің өзіндік құнындағы энергия үлесін 20 пайызға төмендету көзделген.

    2023 жылдың 1 маусымынан бастап өнімнің экологиялық таза энергия мен технологияларды пайдалана отырып өндірілгенін растайтын «жасыл сертификаттар» жүйесі енгізіледі.

    Осы мақсатта парниктік газдардың шығарылуы кезең-кезеңімен реттеледі. Бұл ретте мемлекет тарапынан табиғатқа келтірілген зиянды азайту жұмыстарына қолдау көрсету шаралары қабылданатын болады.

    «Жасыл» экономика бойынша ғылыми зерттеулерді арттыруға және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінуде.

    Құжатта көрсетілген іс-шаралардың орындалуын үздіксіз бағалау үшін топ құрылады. Оның құрамына 15 халықаралық ұйым мен қаржы институтының басшылары кіреді.

    Мемлекет басшысы бұл ұсыныстарды мақұлдап, әр салада энергия тиімділігін арттыру және өнім өндіруде энергия шығынын азайту жөнінде тапсырмалар берді.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates