Жылына 3,5 миллион тонна тұрмыстық қалдықтардың тасталуына тосқауыл қойылады

    Қалдықтарды басқару саласындағы неміс тәжірибесін зерделеу мақсатында біздің мамандардың Германияға жұмыс сапары ұйымдастырылды.

    26 ноябрь дейін жалғасатын шараға Мемлекеттік экология комитеті, Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Пахтачилик» ғылыми-зерттеу институтының мамандары мен салада жұмыс істейтін кәсіпкерлер қатысады.

    Тәжірибе алмасудың бірінші күнінде биологиялық қалдықтардан компост түріндегі органикалық тыңайтқыштарды өндіру жүйесі мен инфрақұрылымы таныстырылды.

    Өзбекстан жағдайында бұл жүйені енгізу нәтижесінде жылына 3,5 миллион тонна тұрмыстық қалдықтардың полигондарға төгілуінің алдын алынып, 2,5 миллион тоннаға дейін органикалық тыңайтқыштар өндіруге мүмкіндік туып отыр.

    Айта кету керек, органикалық қалдықтар атмосфера ауасына жылыжай газдары — карбонат ангидрид, метан және улы газ — аммиак тастайтын көздер саналып, оларды қайта өңдеу зиянды газдардың шығарылуын азайтады.

    Феруза Жўраева.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates