Мемлекет басшысы автокөлік жолдарын салу жоспарымен танысты

    Билік 2 Aprel 2024 2427

    Президент Шавкат Мирзиёев автокөлік жолдарын салу жоспарларының таныстырылымымен танысты.

    Өзбекстанда халықаралық және жергілікті маңызы бар жолдар желісін дамыту, көліктердің қозғалысын жеңілдету мақсатында көптеген жобалар жасалған. Атап айтқанда, Азия даму банкінің қатысуымен «Цемент-бетон жабыны бар ішкі жолдарды салу» жобасы қарастырылған. Жоба аясында Қарақалпақстан Республикасының 86 ауданы мен 770 мыңнан астам адам тұратын 272 махалладағы 841 шақырым жол цемент-бетонмен қапталады. Бұл мақсатқа Азия даму банкінің 240 миллион доллар несиесі жұмсалмақ.

    Құрылыс және техникалық қадағалау жұмыстарын толығымен жергілікті мердігерлер – жеке кәсіпкерлер мен жергілікті инженерлер жүргізеді. Жолдар пайдалануға берілгеннен кейін оларды бас мердігер 5 жыл мерзімге күтіп-баптап, пайдалануды жүзеге асырады.

    Тағы бір жоба халықаралық маңызы бар «Алматы – Бішкек – Ташкент – Шахрисабз – Термез» магистралды тас жолының 1255-1315 шақырымын қайта жаңғыртуға бағытталған. Жолдың бұл бөлігі «Дехканабад» ауданының орталығы «Қарашина» қаласы арқылы өтіп, қазіргі таңда тар әрі жарамсыз күйде.

    Жоба аясында 4 жолақты цемент-бетон жабынымен ұзындығы 60 шақырым жол салынады. «Дехканабад» ауданы орталығын айналып өтетін 17 шақырымдық жаңа жол, 14 көпір мен жол өткелдері салынады. Оны Ислам даму банкі мен ОПЕК халықаралық даму қоры шамамен 154 миллион доллар қаржыландырады.

    Өзбекстан Республикасы Президентінің 2023 жыл 10 қазандағы қаулысында жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарының тізбесін қайта құру міндеті белгіленген. Сондай-ақ, эксперимент ретiнде Қарақалпақстан Республикасындағы және әр облыстағы 20 шақырымнан автомобиль жолын эксплуатациялауға аутсорсинг негiзiнде жеке сектор тартылатын жолдар тiзiмi бекiтiлген.

    Презентацияда осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен биылғы жылға жоспарланған шаралар туралы ақпарат берілді.

    Мемлекет басшысы жолдарды сапалы салу, жөнделетін жолдардың бойына ағаш отырғызу арқылы ауданның экологиясын жақсарту, ауылдарда қолайлы жол-көлік инфрақұрылымын құру жөнінде тапсырмалар берді.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates