Жол құрылысына жеке сектор жұмылдырылады

    «Жол шаруашылығы саласын одан әрі жетілдіру іс-шаралары туралы» Президенттің қаулысы (ПҚ-330-санды, 10.10.2023 ж.) қабылданды.

    Қаулыға сәйкес, 2024 жылдың 1 январынан бастап:

    - автомобиль жолдарында орындалатын жұмыс түрлері құрылыс және реконструкциялау, жөндеу және сақтаудан құралады;

    - жобалық-сметалық құжаттарды дайындау, жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру, сондай-ақ оларды қабылдау бойынша көлем мен сапа көрсеткіштерін қарастыратын жүйе («көлемдік әдісі») енгізіледі;

    - автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау жұмыстары аяқталған нысандардың негізгі құрылымдық элементтеріне кемінде үш жыл кепілдік қызмет көрсету мерзімі енгізіледі;

    - жылдың температурасы жоғары болған кезінде автомобиль жолдарында жүк тасымалдау көліктері мен автопоезд (тіркемелердің) (арнайы көлік құралдарынан тыс) қозғалысына маусымдық шектеулер белгіленеді.

    Халықаралық ерекшеліктегі М39 “Ташкент – Терміз” автожолының “Тошкент – Шыназ” бағытындағы 817-827 шақырымдық бөлігін озық шетелдік технологиялар мен заманалық халықаралық стандарттар негізінде цемент-бетон жабындысын салу арқылы реконструкциялау жобасы жүзеге асырылады.

    2025 жылдың 1 январынан жаңадан басталатын жол-құрылыс нысандарында жобаны инженерлік басқару және техникалық бақылау істері аутсорсинг шарттары негізінде Халықаралық инженерлер-консультанттар федерациясының (FIDIC) тәжірибелері мен құжаттарына сәйкес тәуелсіз ұйымдар, сонымен қатар жеке сектор тарапынан жүзеге асырады.

    2023 жылғы 31 декабрьге дейін Мемлекеттік бюджет қаржылары есебінен автомобиль жолдарын, көпірлерді және жасанды кешендерді жобалау (сонымен қатар техникалық-экономикалық негіздерін жасау), құрылыс және реконструкциялауды жобалау –зерттеу және құрылыс-мердігер ұйымдарды «Жариялылық құрылыс» ұлттық ақпараттық жүйесінде бағалау өлшемдерін жетілдіріледі.

    Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойында жасыл аумақтарды жарату аясында Автомобиль жолдары комитетінің құрамындағы “Ўзйўлкўкаламзорлаштириш” мемлекеттік мекемесінің аумақтық бөлімшелері Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесі, облыстар мен Ташкент қаласы әкімдіктері қарамағына беріледі.

    2024-жылдың 1-январынан бастап тәжірибе-сынақ ретінде Қарақалпақстан Республикасы және облыстарында ұзындығы 20 км-ге дейін жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолларын эксплуатациялау істеріне аутсорсинг жеке сектор тартылады.

    - «Автомобиль жолдарының техникалық жағдайын талдау және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы».

    2024 жылдан бастап шаруашылықаралық ауылдық автомобиль жолдарын, қалаларды, қаладағы посёлкалары, ауылдар мен ауыл жолдарын құру, реконструкциялау және жөндеу үшін бюджет қаржылары тек «Менің жолым» бағдарламасы арқылы ғана бөлінетін болады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates