Атап айтқанда, тұрақты рейстерден бөлек, ағымдағы жылдың 27-30 декабрь аралығында «Uzbekistan airways» әуе компаниясы Ташкент-Нөкіс, Ташкент-Бұхара бағытына екі, Ташкент-Қаршы, Ташкент-Наманган, Ташкент-Терміз бағытына бір және Ташкент- Үргеніш бағытына қосымша үш рейс қояды. Нәтижесінде аптасына қосымша рейс саны 10 болады.
Бұдан тыс, Ташкент-Нөкіс, Ташкент-Бұхара және Ташкент-Үргеніш бағыттарына 7 рейске арналған 150 орындық А-320 маркалы ұшағы Boeing 757 (184 орындық) және Boeing 767 (247 орындық) ұшақтарына ауыстырылды. Нәтижесінде 427 қосымша жолаушылар тасымалдау орындықтары жасалды.
Теміржол көлігінде «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ ағымдағы жылдың 25 декабрінен 2022 жылдың 10 январына дейін «Ташкент – Бұхара – Ташкент» бағыты бойынша күн сайынғы жүрдек «Афросиаб» электр пойызын іске қосты.
Сондай-ақ 27-29 декабрьде «Ташкент – Бұхара – Үргеніш» бағыты бойынша қосымша екі жолаушы пойызын шығару белгіленді.
Сонымен қатар, Ташкент-Терміз, Ташкент-Нөкіс, Ташкент-Үргеніш бағытында жолаушылар пойыздарына қосымша 4 плацкарт вагондары ұланған.
Сондай-ақ төмендегі бағыттар бойынша Ташкент – Нөкіс (2), Ташкент – Бұхара (12), Ташкент – Жызақ (3-еу), Ташкент – Қаршы (16), Ташкент – Науаи (17), Ташкент – Самарқант (19) , Ташкент – Терміз (43), Ташкент – Сырдария (5), Ташкент – Үргеніш (18) қосымша автобус қатынауы жолға қойылған.
Осы іс-шаралардың нәтижесінде республика аумақтарына қатынауда көлікке маусымдық сұраныс толығымен қамтылады, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.