Мемлекет басшысы жастарды жұмыспен қамту бойынша кеңес өткізді

    Билік 23 Fevral 2024 4004

    Президент Шавкат Мирзиёев 23 ақпанда жастарды жұмыспен қамту шараларына арналған кеңес өткізді.

    Өзбекстанның күшті әлеуметтік саясатында жастар ең басты бағыт. Оларға сапалы білім мен кәсіп беру, талпыныстарын қолдау тұрақты назарда. Әрбір махаллада «Жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы», «Бес бастама олимпиадасы», «Мәдени керуен» шаралары, түрлі фестивальдар жүзеге асырылуда.

    Осы жылдың 21 ақпанында Президент Жарлығымен «Өзбекстан-2030» стратегиясын «Жастар және кәсіпті қолдау жылында» жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Бағдарламада жастардың мәселелерін шешу және олардың әлеуетін ашу, сұранысы жоғары мамандықтарға оқыту арқылы олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бағытында көптеген міндеттер айқындалған.

    Биыл «жастар балансы» бойынша 925 мың қыз-жігіттің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ колледж, техникум, жоғары оқу орындарын 300 мың жас бітіреді.

    Жиында оларды жұмыспен қамту, заманауи мамандықтар мен кәсіпкерлікке баулу мәселелері талқыланды.

    Ең алдымен, жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына қосымша мүмкіндіктер жасалатыны айтылды. «Отбасылық бизнес» бағдарламасы бойынша бөлінген несиенің кем дегенде 40 пайызы осыған бағытталады. «Жас кәсіпкер» байқаулары өткізіліп, жеңімпаз атанған бизнес-жобалар мен идеялардың иелері шет мемлекеттерге оқуға жіберіледі.

    Шенеуніктер жаңа индустриялық жобаларда 100 мың, қызмет көрсету саласында 150 мың, жұмыс орындарын заңдастыру және өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы 200 мың қыз-жігіттің жұмыспен қамтылуы туралы ақпарат берді.

    Қазіргі таңда цифрлық технологиялар жастар үшін болашағы зор сала. Сондықтан Мемлекеттік бағдарламада «Әр махалладан екі бағдарламашы» жобасы белгіленген. Сондай-ақ биылғы жылы ақпараттық технологиялар саласында 70 мың жасты жұмыспен қамту жоспарланған.

    Осы мақсатта дарынды қыз-жігіттерді анықтап, олардың ІТ мамандықтары мен шет тілдерін меңгеруіне ықпал ету қажеттігі баса айтылып, әкімдерге тиісті тапсырмалар берілді.

    Жастар істері агенттігінің «Ибрат фарзандлари» («Ибрат балалары») жобасы арқылы 1 миллион ұл-қыз шет тіліне тегін оқытатын болады. Мектептердегі тегін аудиториялар шет тілі мұғалімдері мен оқу орталықтарына жалға беріледі. Ауылдық жердегі оқушылардың үлгерімі жоғары 100 жекеменшік білім беру орталықтарының жалдау ақысы 6 айға дейін өтеледі.

    Сондай-ақ, жекеменшік курстарда оқып, «С-1» сертификатын алған жастарға оқу құны, неміс, француз, корей, жапон, қытай тілдері бойынша «В-2» деңгейлі сертификаты өтеледі. Тағы бір жаңалық, биыл сертификат алу емтиханының құны ғана емес, алты айлық оқу ақысы да төленетін болды.

    «Ұстаз» жобасы аясында 250 мың жас маркетинг, жарнама, электронды коммерция, IT-дизайнер сынды заманауи 30 мамандық бойынша кәсіпке үйретіледі.

    Ауыл шаруашылығында халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік мол. Өткен жылдары осы мақсатта 200 мың гектар мақта және астық алқаптары қысқартылып, халық игілігіне берілді. Биыл тағы 60,5 мың гектар жер жастарға берілмек.

    Оны тиімді пайдаланудың жаңа тәртібін белгілеу керектігі айтылды. Оған байланысты, аудан әкімдеріне сумен жабдықтау жақсы жерлерден жер бөлу міндеті жүктелген. «Махалла жетілігі» әр жасқа қанша орын бөлу керектігі жөнінде ұсыныс жасайды. Жер алған жастар Агробанктің «Фермерлер мектебінде» экспортқа өнімді өнім өсіруге үйретіледі. Шағын құрал-жабдықтарды, тұқым және көшеттерді сатып алуды «Жастар дәптері» қоры мен фермерлер қоры субсидия бөледі. Шаруа жастарға кооперация негізінде экспорттаушылар мен өңдеуші кәсіпкерлер бекітілді. Сонымен қатар, банктер арқылы жеміс-көкөніс кооперативтеріне 2 миллиард сумға дейін несие беріледі.

    Жиында Өзбекстан Президентінің осы жылғы 18 қаңтардағы «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру тәртібін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» жарлығын жүзеге асыру барысы да сөз болды. Осы қаулыға сәйкес 156 аудандағы 15 626 гектар ауыл шаруашылығы жері онлайн-аукционға шығарылады.

    Мемлекет басшысы бұл жерлерді халыққа жақын, суы мен құнарлығы жақсы жерлерден бөліп, кооперация негізінде экспортқа шығарылатын дақылдарды егу маңыздылығын атап өтті. Әкімдерге қосымша жер телімдерін бөліп, жұмыс орындары үшін резервтер жасау тапсырылды.

    Жиында қаралған мәселелер жөнінде жауапты тұлғалардың ақпараты тыңдалды.

    No date selected
    August 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates