Осыған байланысты іс-шаралар 7 бағыт бойынша жүзеге асырылды. Мемлекеттің ерекше назарын қажет ететін 396 мың жас ресми басшыларға біріктіріліп, олармен жеке жұмыс жүргізу арқылы 331 мың жасты өмірден өз орынын табуға көмектесілді. Оның ішінде 94 мыңы жұмыспен қамтылды, 56 мыңы кәсіпке оқытылды.
«Жастар дәптері» арқылы көрсетілетін көмек түрлерінің саны 30-ға дейін ұлғайып, өтініштерді қарау мерзімі 30 күннен 5 күнге дейін қысқартылды.
Биылғы жылы жастар жетекшілерінің ұсынысы бойынша 338 мың жас жігіт-қыздарға 444 миллиард сум көмек көрсетілді. Атап айтқанда, студенттердің келісім-шарт қаржысы төленді, шет тілдері мен заманауи мамандықтарға оқыту шығындары өтелді. Жұмыссыз жастарға еңбек құралдары бөлінді.
Әр ауданда «Жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы» жүзеге асырылып, биылғы жылы 236 мың жұмыссыз жігіт-қыз, 189 мың мектеп түлегі жұмыспен қамтылды.
Биылдан бастап «Бес бастама олимпиадасы» 4 бағыт – махалла, мектеп, кәсіптік білім беру және университет жүйесі бойынша өткізіліп, барлығы 12 миллион жас қамтылды. Жеңімпаз болған жастар махалласында жалпы 623 спорт алаңы салынды.
Таланттарды қолдау мақсатында Ташкентте қаласындағы Жастар шығармашылық сарайында тәулік бойы жұмыс істейтін алғашқы «Шығармашылық саябақ» пайдалануға берілді. «Заковат» және басқа да зияткерлік ойындарға 2 миллион жас қатысты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысына Науаи облысында құрылған «Тудакул» халықаралық шахмат мектебі туралы ақпарат берілді.
Заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған бұл мектеп жыл бойына 1700 ұл-қыз оқытып, 7500 жасты түрлі іс-шаралармен қамтуға қауқарлы. Онда әлем, Азия чемпионаттары, Универсиада сынды халықаралық жарыстарды өткізуге барлық жағдай жасалған.
Мемлекет басшысы бұл мектепке халықаралық гроссмейстерлерді әкеліп, шалғай аудандардан дарынды балаларды тартып, оларға шахматтан қысқа мерзімді лагерьлер ұйымдастырып, тиісті сертификаттар беруді тапсырды. Сондай-ақ республикадағы барлық жалпы білім беретін мектептер үшін тәжірибе мен әдістеменің қайнар көзі болуы керектігі, шахмат сабағын өткізу үдерісін цифрландыру керектігі айтылды.
Жиында жастармен жұмыс жасаудағы 2024 жылға арналған басым міндеттерге де назар аударылды.
Әр облыста, министрлік пен ведомстволық жүйеде жастармен жұмыс істеудің жаңа тәсілі енгізіледі. Жастар көшбасшысының ұсынысымен көрсетілетін көмек түрлері түрленіп, оларды заманауи мамандықтарға үйретуге басты назар аударылады.
Балалардың қабілеттерін, қызығушылықтары мен таланттарын дамыту, оларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында Өзбекстан балалар ұйымын құру ұсынылды. Жастар проблемаларын зерделеу және келешегі бар кадрларды даярлау бойынша ғылыми-зерттеу және талдау жұмыстарын жетілдіру қажеттігі айтылды.
«Ибрат фарзандлари» жобасы арқылы шет тілдерін меңгеретін жастардың санын 1 миллионға, «Мутолаа» бағдарламасы арқылы жас оқырман санын 1,5 миллионға жеткізу шаралары қабылданатын болады. Осы мақсатта өңірлерде қосымша инфрақұрылымдар салынып, жастардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға, таланты мен қабілетін жүзеге асыруға кеңірек жағдай жасалатын болады.