баннер
25 Apr 2025
01:47

    Жастар кәсіпкерлігі дамиды

    Өзбекстан Республикасы Президентінің «Жастар кәсiпкерлiгiн дамыту және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысты қосымша іс-шаралар туралы» қаулысы (ПҚ-62-санды, 14.02.2025 ж.) қабылданды.

    Қаулыға сәйкес, 2025-2027 жылдар аралығында төмендегілерді көздейтін «Жастар бизнесі» бағдарламасы жүзеге асырылады:

    бағдарлама аясында 350 мың жас қамтылады, сонымен қатар, 18 жасқа толған және 30 жастан аспаған тұлғалар үшін кемінде 100 мыңға жуық қосымша жұмыс орындары ашылады;

    жас кәсіпкерлерге кешенді қызметтер көрсетіледі, олардың қызметін қаржылылай қолдап-қуаттауда «Алоқабанк» АҚ тірек «жастар банкі» етіп белгіленеді;

    Заманалық кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру үшін жастардың стартап және нвестициялық жобаларына жеңілдетілген қаржылық қаржы бөлінеді;

    экономика салалары және салалардағы, соның ішінде цифрлық технологиялар ұсынылған инновациялық жобалар мен әлеуметтік кәсіпкерлік бағытындағы қолдап-қуаттау шаралары енгізіледі.

    «Бизнеске алғашқы қадам» жобасына сәйкес 18 жасқа толған және 30 жастан аспаған әлеуметтік салық төлеген өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға онлайн режимінде жеңілдетілген кезеңмен 7 жылға дейінгі мерзімге 100 миллион сумға дейін жеңілдетілген шағын несиелер бөлінеді.

    «Жастар үшін жұмыс орындары» жобасы негізінде ЖКК ретінде жұмыс істейтін жас азаматтарға, сондай-ақ құрылтайшылары жас азаматтар болған заңды тұлға ұйымдастырған жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлердің кемінде 20 жұмыс орын ашуын көздейтін жобаларына жеңілдетілген мерзіммен 7 жылға дейін 5 миллиард сумға дейін қаражат бөлінеді.

    «Жаңашыл жастар» жобасы бойынша венчурлық қорлары арқылы жастарға қолдау көрсетіледі.

    Мы в Телеграм
    Text to speech