Мемлекет басшысы жастарды спортқа кеңінен баулу жөнінде ұсыныстармен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев 21 қараша күні жастарды спортқа кеңінен баулу мәселелері жөнінде ұсыныстардың тұсаукесерімен танысты.

    «Өзбекистан – 2030» стратегиясы мен Жастар және бизнесті қолдау жылы аясында жас ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер жасалуда. 10 миллионнан астам адам бұқаралық спортпен айналысып келеді. Барлық өңірлерде, білім және еңбек ұжымдарында түрлі жарыстар өткізілууде.

    Мемлекеттік бағдарламаның аясында командалық спорт түрлерін дамыту және кеңінен насихаттау міндеті жүктелген. Осыған байланысты бірқатар шаралар әзірленді.

    Мысалы, командалық спорт түрлері бойынша «Махалла лигасы» мен «Мектеп лигасы» сияқты жарыстар ұйымдастыру ұсынылуда. Сонымен қатар, мемлекеттік жоғары оқу орындарында спорт клубтарын құрып, олар арасында «Студенттер лигасы», «Министр кубогі» және «Ректор кубогі» сияқты жарыстар өткізу қарастырылуда.

    Командалық спорт түрлері бойынша ұлттық лигалар қолдау табады. Жергілікті әкімдіктер жанынан аймақтық спорт клубтары құрылатын болады. «ERP Sport» электронды жүйесі арқылы дарынды жастарды анықтау, таңдау және іріктеу жүйесі енгізіледі.

    Жастардың спортпен тұрақты айналысуы үшін қосымша жағдайлар жасау мәселелеріне де назар аударылды.

    Ұсыныс бойынша, аптаның әр бейсенбі күні «дене тәрбиесі және спорт күні» ретінде белгіленеді. Спорт мектептерінің қызметкерлеріне жастарды баулу және нәтижелерге байланысты үстемақы тағайындалады. Сонымен қатар, инфрақұрылымға негізделе отырып, мекемелер белгілі бір спорт түрлеріне мамандандырылатын болады.

    Мектептерде бұқаралық спорт бойынша жаттықтырушылар-селекционер қызметі енгізіліп, оларға беске дейін махаллалар мен білім мекемелері біріктіріледі. Махаллаларда үйірмелер ұйымдастырған жаттықтырушылар қосымша ынталандырылатын болады.

    Президент спорт саласы жастарға қатысты мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты екенін атап өтіп, жергілікті жерде бұл бағыттағы қолайлылықтарды арттыру және жас ұрпақты жан-жақты жетілдіру бойынша өз пікірін білдірді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates