Осы мекеменнің тәрбиеленушілері арасында көптеген жақсы спортшылар, ғылым олимпиадалары мен тағы басқа да жарыстардың жеңімпаздары бар.
Өзбекстан Халық демократиялық партиясының орталық сайлау кеңесі тарапынан ұйымдастырылған кезектегі шара А.П.Хлебушкина атындағы №22 Мейрбандық үйінің тәрбиеленушілерінің жазғы демалысын мазмұнды өткізуіне қаратылған. Атап айтқанда, Ташкент қаласындағы аквапаркте сауықтыру бағдарламасы ұйымдастырылды.
Елімізде әлеуметтік қорғауға мұқтаж, қиын жағдайда өмір сүріп жатқан аз қамтылған отбасылар мемлекет қамқорлығында екенін білеміз. Атап айтқанда, мемлекетіміз жетім балалар мен ата-анасынан айрылған балаларды тәрбиелеп, оқытуды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ ана мен баланы қорғауға, әсіресе балаларды жан-жақты қорғауға және қолдап-қуаттауға қатысты жүздеген нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданған.
Әрине, қабылданған іс-шаралар өз нәтижесін беруде. №22 Мейірбандық үйінің тәрбиеленушілері арасында футбол бойынша Жахонгир Очилов, суретшілікте Миржахон Хакимов атақ-даңқа ие болған болса, Севинч Жабборова ән мен биден үлкен жетістіктерге жеткен.
Партияның Ташкент қалалық кеңесінің жауаптыларымен бірге өткізілген сауықтыру акциясына қатысқан жастар «Мейірбандық үйі» тәрбиеленушілері арасында өтетін футбол бойынша Әлем чемпионатына қатысу үшін шетелге аттанады. Демек, тағы бір жақсы нәтиже мен жетістікке қадам тасталады.