Балалардың денсаулығын сақтау жүйесі жетілдіріледі

    Елімізде 65 балалар лагері Өзбекстан Кәсіподақ ұйымы Федерациясының жүйесіне өткізідіп, басқа ұйымдар жүйесіндегі 35 балалар лагерін сатуға немесе қызмет түрін өзгертуге тыйым салатын тізім бекітілді.

    Президенттің 14.06.2023 жылдағы «Балалардың демалысын жүйелі ұйымдастыру және сауықтыру істерін одан әрі жетілдіруге қатысты қосымша іс-шаралар белгіленуіне байланысты Өзбекстан Республикасы Президентінің кейбір құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» ПФ-95-санды Жарлығы қабылданды.

    Балалар лагерьлерінің қызметін бірегей жүйе негізінде жолға қою, олардың қаржылық жағдайын жақсарту және лагерлерге жастарды тарту аясын кеңейту мақсатында 65 балалар лагері Өзбекстан кәсіподақ ұйымы федерациясының жүйесіне енгізіліп, басқа ұйымдардың жүйесіндегі 35 балалар лагерін сатуға немесе қызмет түрін өзгертуге тыйым салуды көздейтін тізім бекітілді, Балалардың демалысын жүйелі ұйымдастыру және сауықтыру мәселелері бойынша республикалық комиссия құрылды.

    Балалар лагерьлерін жан-жақты қолдап-қуаттау, олардың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Президенттің кейбір құжаттарына төмендегілерді көздейтін кейбір өзгерістер мен қосымшалар енгізілуде:

    кейбір балаларды сауықтыру лагерьлері Өзбекстан кәсіподақ ұйымдары федерациясының балансына өткізілгені, кейбіреулерін сатуға немесе қызмет түрін өзгертуге тыйым салынғанын;

    Балалардың демалысын ұйымдастыру мен сауықтыру іс-шараларын әзірлеу, оларды жүзеге асыру бойынша жүйелі бақылау және мониторингін қамтамасыз етуде Үйлестіруші топ негізінде Балалардың демалысын жүйелі ұйымдастыру және сауықтыру мәселелері жөнінде республикалық комиссияның құрылғанына байланысты заңдылық құжаттарды жетілдіру;

    демалыс уақытында балалардың көңіл көтеруіне қолайлы мүмкіндіктер жасау, балалар лагерлерінің әлеуметтік қорғалуын күшейту сондай-ақ ьалалар лагерлерін материалдық тұрғыдан нығайту.

    Естеріңізге сала кетейік, Салық кодексіне сәйкес:

    санаториялық-курорттық, сауықтыру қызметтерін, сондай-ақ бюджет ұйымдары тарапынан көрсетілген дене шынықтыру және спортқа қатысты қызметтерды реалмзация жасау бойынша айналымдарға ҚҚС салынбайды;

    спорт және дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары, оқу-жаттығу базалары мен балалар сауықтыру лагерьлері алып жатқан жерлерге жер салығы салынбайды;

    бейкоммерциялық ұйымдардың коммерциялық емес қызметін жүзеге асыру аясында пайдаланатын нысандар мал-мүлік салығы бойынша салық салу нысаны саналмайды.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтері ұлттық базада жарияланған және 15.06.2023 жылдан бастап күшіне енеді.