Нормативтік-құқықтық құжаттар жобаларының  талқылануы  порталында  Юнусабад ауданы әкімінің “Юнусабат ауданы  “Отчопар-2” махалла азаматтар жиыны аумағында құрылып жатқан массивке  “Манзара” деп ат  беру туралы”  қаулысының  жобасы талқылауға қойылды.

Жобаға сәйкес, қаулы  қабылданған соң, “Отчопар-2” махалла азаматтар жиыны аумағында жаңадан құрылған  массивке  “Манзара”  деп жазылған тақташа орнатылады және тиісті құжаттарға өзгертулер енгізіледі.

Халық депутаттары Юнусабат ауданы Кеңесінің Әлеуметтік-мәдени саланы дамыту, жанұя, әйел-қыздар және жастар мәселелері, сондай-ақ  Өндіріс, транспорт, құрылыс, байланыс және тұрғындарға қызмет көрсету мәселелері бойынша тұрақты комиссия құжаттың орындалуын бақылайды, деп хабарлады Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.