Енгізілген қосымшаларға орай, енді заңды тұлғалар да қысқа мерзімге автокөліктерді жалға ала алады (бұрын тек жеке тұлғалар үшін көзделген еді).
Жалға алушының алкогольдік ішімдік, есірткі тұтынғаны немесе мастығы анық көрініп тұрғанда, жалға беруші көлікті жалға алушыға беруден бас тарта алатыны белгіленді.
Сондай-ақ жалға беруші жалға берілген көліктің жол қозғалысы ережесін бұзғандығын «Әкімшілік практика» жүйесі арқылы электронды түрде тексере алады.