Елімізге келген 3 480 жолаушының 66-сында коронавирус анықталған

    Денсаулық 21 Yanvar 2022 1060

    Кеше «Ташкент» халықаралық әуежайы арқылы Өзбекстанға келген 3 480 жолаушының 66-сында коронавирус анықталды.

    Үстіміздегі жылдың 15 январынан бастап елімізге келушілер үшін халықаралық әуежайларда, вокзалдарда және шекаралық бақылау пункттерінде экспресс-антигенді тест тапсыру тәртібі енгізілгенін жақсы білесіздер.

    Қазіргі уақытта бұл тәжірибе жаңа штаммдардың таралуын алдын алуға және ауруды дер кезінде және жылдам анықтауға мүмкіндік беруде.

    Атап айтқанда, кеше «Ташкент» халықаралық әуежайында елімізге келген 3480 жолаушыдан сынақ үлгілері алынды. Нәтижесінде олардың 66-сында коронавирус инфекциясы анықталды.

    Бұл науқастар ауруға шалдыққанына байланысты үй жағдайында немесе қонақүйлерде емделуге жіберілді.

    Амбулаторлық ем қабылдап жатқан азаматтар әуежайда 4 түрлі дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етілген.

    Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Санитарлық-эпидемиологиялық тыныштық және қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің мәліметтеріне сүйеніп хабарлады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates