Зерттеушілер мұндай сипаттағы жауын-шашынның көбеюі қалыпты құбылысқа айналып бара жатқанын атап өтеді. Бұл жағдай су ресурстарын басқару және инфрақұрылымның тұрақтылығын қамтамасыз ету тәсілдерін түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Соңғы онжылдықтардағы бақылаулар нәтижесі планетамыздың көптеген аймақтарында күшті нөсерлер жиілеп бара жатқанын көрсетеді. Климат өзгерісі модельдері мұндай құбылыстың әсіресе жаһандық жылыну үдерісінде одан әрі күшейетінін болжайды.

Негізгі проблема жауын-шашынның аз-көптігінде емес, оның біркелкі түспеуінде. Егер бірқалыпты, жай жаңбыр топырақта ылғалдың жиналуына, ауыл шаруашылығы дақылдарының тұрақты өсуіне және су қоймаларының толуына көмектессе, нөсер жауын керісінше дренаж жүйелеріне шамадан тыс жүктеме түсіреді, су тасқындарын туындатады және жауын-шашын арасындағы ұзақ мерзімді құрғақшылыққа әкеледі.

Ғалымдардың бақылаулары нәтижесіне орай, осал аймақтарға Африкадағы Сахара шөлі мен оның оңтүстігіндегі құнарлы жерлерге өту аралығы, Оңтүстік-Шығыс Азия, Австралияның солтүстік бөлігі және Амазонка өзені бойы жатады.

Егер Жердің климаттық температурасы қалыпты деңгейден 40°С-қа артса, экстремалды жауын-шашын 15–20%-ға көбеюі мүмкін. Қазіргі уақытта кейбір аймақтарда бұл көрсеткіштер климат модельдерінің болжамдарынан да асып түсуде. Бұл ретте, суаруы толықтай табиғи жауын-шашынға тәуелді тәлімі жерлерге қауіп ерекше күшейеді. Ғалымдардың есептеуінше, климат температурасы 30°С-қа артса, мұндай егістік жерлердің жартысы 4 дәрежеге артқанда дерлік толықтай экстремалды жауын-шашынға тап болады.

Африка, Азия және Оңтүстік Америкадағы табыс деңгейі төмен аймақтар ең осал өңірлер болып қала береді. Бұл жерлерде жауын-шашын сипатының өзгеруі өнімділіктің күрт төмендеуіне, инфрақұрылымның бұзылуына және экономикалық тұрақсыздықтың күшеюіне алып келуі мүмкін.

Нөсер жауынның күшеюі жаһандық климат өзгерісінің негізгі салдарының біріне айналуда. Ауыл шаруашылығы мен қалалық инфрақұрылымдағы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің өзгеруі жағдайды одан әрі күрделендіруі ықтимал.