Швеция үкіметіне 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына жас шектеуін енгізу туралы ұсыныс жасалды. Алдын ала есепке сәйкес, бұл талап 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Швецияның SVT телеарнасының хабарлауынша, өткен жылы әлеуметтік желілерге жас шектеуін енгізу мүмкіндігін зерттеген арнайы комиссия үкіметке  алғашқы аралық есебін тапсырған.

Құжатта әлеуметтік желілердің балаларға тигізетін теріс әсеріне байланысты оларға қолжетімділікті шектеу қажеттілігі айтылып, ең төменгі жас мөлшерін 15 жас деп белгілеу ұсынылғандеп хабарлайды Kazinform.

Jakob Forssmed  ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарына берген хаттамасында бұл бастама  балаларға шынайы балалық шақты қайтаруға бағытталған маңызды қадам болуы мүмкін екенін атап өтті.

Оның айтуынша:

«Біз тұтас бір ұрпақты экранды шексіз айналдырып көруге құрбан етіп жатырмыз», — деді ол.

Сонымен қатар, Швецияның Денсаулық сақтау агенттігі де ата-аналарды балаларымен бірге уақыт өткізген кезде телефондарын шетке қоюға шақырды. Олар экранға тәуелділіктің балаларға кері әсер ететінін атап өтіп, үйдің кейбір бөліктерін «телефонсыз аймақ» ретінде белгілеуді ұсынды.

Мекеменің үндеуінде: «Балаңызбен бірге болған кезде телефоныңызды басқа жерге қойыңыз», – делінген.