«Жылу электр станциялары» АҚ Ресей Федерациясының Энергетика министрлігіне қарасты Санкт-Петербург энергетика біліктілікті арттыру институтымен ынтымақтастық орнатты. Оқу бағдарламасы бойынша осы күнге дейін 35 өндіріс қызметкері Санкт-Петербург қаласында біліктілігін арттырып қайтты.
Сонымен қатар, заманалық “экологиялық тиімді” энергоқұрылғыларға техникалық қызмет көрсету бағытында Италияның “AC BOILERS S.p.A” компаниясының 100-ден астам қызметкерінің біліктілігін арттыру және өзара тәжірибе алмасу шаралары жоспарланған, деп хабарлайды Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің «Жылу электр станциялары» АҚ-ға сілтеме жасап.
Жыл барысында “Науаи ЖЭС” акционерлік қоғамының «Келажак энергетикаси» оқу орталығында 207 адам, «Узбекгидроэнерго» компаниясы оқу орталықтарында 150 адам оқытылады», - дейді «Жылу электр станциялары» АҚ кадрлар бөлімінің басшысы Феруза Турғунова.
Электр энергетикасы бағыты бойынша мамандарды даярлауға маманданған еліміздің 4 жоғары оқу орнынан жоғары курстың 35 студенті өткізілген байқаулар нәтижесіне орай келісімшарт негізінде электр станцияларында ақылы төленетін практикаға жұмылдырылды.
Практикадан сәтті өткен жастар электр станцияларында тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.